100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағанды облысының әкімі «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншілердің отбастарына барды

  Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында қаза болған кеншілердің отбастарына барды. Аймақ басшысы метан газы кенеттен бөлініп, өмірлері қиылған кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
-Бұл -ортақ қайғы. Біз сіздермен бірге қайғырамыз және бірге бөлісеміз.Біз Сіздерге жақындарыңызды қайтарып бере алмаймыз, бірақ қолымыздан келген барлық көмегімізді жасаймыз. Сіздер жалғыз емессіздер,-деді Ерлан Қошанов.
Облыс әкімі қаза болған кеншілердің отбастарына материалдық көмек көрсетті.
«АрселорМиттал Теміртаудың» басшысы Парамжит Калон облыс әкімі мен опат болғандардың жақындарын компания ұжымдық шарттың барлық міндеттерін орындайтынына сендірді. Сонымен бірге, компания басшылығы қосымша көмек көрсету үшін асыраушысынан айрылған әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын анықтауға уәде етті.
Опат болған кеншілер бір учаскеде жұмыс істеген, әрқайсысының компаниядағы еңбек өтілі он жылдан астам. Қаза болғандардың ең үлкен жасы 37 –де, оның әріптестерінің бірі – 34 –те, екіншісі 31- де болатын. Олардың соңында мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалары қалды.
Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы «Қазақстан» шахтасында 31- тамызда кенеттен метан газының бөлінуінен апат орын алып, үш адам қаза болды. Шахта жұмысы тоқтап, апат салдарын жою жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдай жер астында 614метр тереңдікте орын алды. Шахта басшысының айтуынша қазба забойы былтыр іске қосылған. Бұрын метан газы концентрациясының артуы туралы ешқандай қауіп белгісі болмаған.
Төтенше жағдайдың себебін анықтау үшін арнайы мемлекеттік қомиссия құрылды. Шахтинск ІІБ адам өліміне апарған қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.