Новости области
Саранда төтенше жағдайлар туралы хабар беретін жүйе орнатылды

Саран қаласында жергілікті жариялау жүйесі орнатылды – сиреналар қала тұрғындарын су тасқыны қаупі және басқа да төтиенше жағдайлар туралы хабардар ететін болады.
Жергілікті жариялау жүйесін «Маяк-Broadcast» ЖШС мердігер компаниясы жергілікті бюджет есебінен орнатты. Құрылғыны сатып алу және орнатуға 20 миллион теңге жұмсалды. 28-ші тамызда жаңа хабар беру жүйесінің жұмысы алғаш рет сыналды.
Жүйе әрқайсысының қуаттылығы 150 Ватт 18 рупордан құралған. Олардың төртеуі Ақтас кентінде, ал қалғандары Саран қаласының мектептерінде, Мәдениет үйі және стадионында орнатылған. Сигнал орталық пульттен DMR стандартты радиоарна бойынша құрылғыларға жіберіледі. Өте қиын жағдайда кезекші диспетчералдымен сиренаны қосып, сонан соң тұрғындарға оқиға барысында қандай әрекеттер жасаулары керекті туралы ақпарат жіберуі тиіс.
Хабарлау жүйесінің таныстыру салтанатында болған Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов бұл жүйенің ең басты артықшылығы – төтенше жағдай орын алған кезде өте қажетті жеделдігінде деп атап өтті.
Қазіргі таңда осы секілді хабар беру жүйесі тек Саранда ғана жұмыс істейді, алайда мұндай құрылғыларды облысымыздың басқа да қалалары мен аудандарында орнату жоспарланып отыр.