100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Головкин мен Альварестің жекпе-жегі Бокс орталығында тегін көрсетіледі

С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында бокс кеші тегін көрсетіледі, ол кеште қазақстандық қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегі өтеді. Билет сатып алғандардың барлығына ақшалары қайтарылады.

Мұндай шешім Қарағанды ІІБ «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан шағым түскен соң қабылданды. Себебі жекпе-жекті ақылы түрде көрсетуге тек олардың ғана құқы бар.

Алдынғы хабарламаларда С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында 17-ші қырүйек күні жекпе-жекті көруге болатындығы жайлы айтылғанды. Олар кіруді ақылы етіп қойған, бағалар 500 бен 3 000 теңге аралығында болды.

Еске салайық, Қарағандыда Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қаладағы үш LED-экранда көрсетіледі: Оңтүстік Шығыста Достық үйі аумағында, Кеншілер мәдениет сарайы мен Жаңа Майқұдықтың мәдениет үйінің жанында. Бокс көрсетілімі 17-ші қыркүйек күні Астана уақыты бойынша таңғы 06.00 басталады. Белгілі болғандай Головкин мен Альварес бокс алаңына 8.50 шығады.
Қарағандылықтарды жоғарыда аталған алаңның біріне келіп, жерлестеріне қолдау көрсетуге шақырады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»