Новости области
Сұрыптау станциясының тұрғындары құқыққорғау және мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесуге шақырылады

Октябрь ауданының прокуратурасы 14-ші қазанда сағат 10:00-де Сұрыптау станциясының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Шара Локомотивная к-сі, 122а мекенжайы бойынша орналасқан Қарағанды теміржол колледжінің ғимаратында өтеді. Кездесу барысында әлеуметтік қолдау шектері, құжаттандыру, тұрғын-үй және коммуналдық проблемаларға қатысты сауалдарға жауап алуға болады. Жиынға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.