100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда діни ұйымдармен байланыс бойынша Кеңестің отырысы өтті

 «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімінің басшылығымен діни ұйымдармен байланыс бойынша Кеңестің отырысы өтті. Отырыс 18-ші қазанда атап өтілетін Рухани келісім күніне орайластырылды.

- Бұл датаға облысымызда шамамен 150 түрлі шаралар жоспарланып отыр, басты тақырып – «Қазақ жеріндегі бейбітшілік». Қазіргі таңда біздің облысымызда 314 діни ұйымдар қызмет етеді, оларды 15 конфессия ұсынады, - деді Ерлан Қошанов.
Кеңес отырысында облыстық ҚМДБ өкілі, «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Бекқожа; Орыс Православ Шіркеуінің Қарғанды және Шахтинск епархиясының епископы Александр Осокин; «Полония» польшалық қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Виталий Хмелевский; Рим-КАатолик шіркеуінің дін қызметшісі Збигнев Грыгорцевич; «Община «Вечное Евангелие» шіркеуінің пасторы Сергей Серов және Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері Бақытқали Мұсабеков сөз сөйледі. Өздерінің баяндамаларында олар рухани татулықтың, конфессияаралық және мәдениераралық диалогтың маңыздылығы туралы айтты.

«Әнет баба» мешітінің бас имамы өз сөзінде екпе мәселесін көтерді.

- Қазір көптеген ата-аналар өз балаларына екпе жасатудан бас тартады, оны дінмен байланыстырады. Ол бұрыс емес! Екпе жасау – баланың денсаулығы үшін, оны міндетті түрде жасау керек.

Сонымен қатар ол мешіттің жанынан жастар үшін арнайы кеңес беру кабинеттерін ашуды ұсынды.

- Мешітке жұма намазына келетін жастардың жартысынан астамы еш жерде жұмыс істемейді. Олардың басым бөлігі жастар үшін арнайы оқу, қайта даярлау курстары және жұмысқа орналастыру бағдарламалары бар екенін біле бермейді. Осыған байланысты біз осы бағдарламаларды түсіндіріп, жеткізетін кабинет ашуды ұсынып отырмыз. Әр жұма сайын 12:00-ден 15:00-ге дейін жастарға бұл бағдарламалардың маңыздылығы туралы түсіндіру үшін Жұмыспен қамту орталығынан мамандарды шақыртамыз, - деді Өмірзақ Бекқожа.

Орыс Православ Шіркеуінің Қарғанды және Шахтинск епархиясының епископы Александр Осокин өз баяндамасында отбасы және аналарға қатысты мәселелерді көтерді.
- Қазіргі таңда жас отбасылар арасында ажырасу жайттары жиілеп кетті, жас келіншектер мен қыздар балаларын тастап кету оқиғалары да көп. Барлық халықтардың дәстүрінде аналық – әр әйелдің қасиетті міндеті. Менде денсаулық сақтау басқармасына бір ұсынысым бар: жастар үшін шаралар мен бағдарламалар құрылар кезде мешіт пен шіркеу өкілдерін де жұмылдыру керек. Біз психологтармен бір деңгейде ана атану және отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы айтып жеткізе аламыз, - деп ұсынысын білдірді Александр Осокин.
Аймақ басшысы бұл бастамаларды құптады. Отырыс аяқталған соң қатысушылар қоғамды нығайту және мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты күшейту мәселесінде әрі қарай да бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендерін айтып жеткізді.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.