Новости области
Қарағандыда ІІМ адагері, генерал-майор Владимир Шумиленкоға арналған естелік тақта ашылды

Қарағандыда полиция қызметкерлері әріптестерінің – ішкі істер органдарының ардагері, генерал-майор Владимир Шумиленконың есімін мәңгіге сақтады. Қалалық ІІБ ауласында мемориалдық тақта орнатылды. Оның салтанатты ашылуы өткен демалыс күндері болды.
- Біздің мақсатымыз – ешуақытта өз әріптестерімізді ұмытпауымыз керек. Мен кезінде Владимир Шумиленкомен бірге жұмыс атқарғаныма өте қуаныштымын. Отанына адал қызмет еткен елдің азаматы бола білген әріптесімізге құрмет көрсетіп отырмыз. Ол осы басқарма қабырғасында 12 жыл қызмет еткен. Көзі тірі болса биыл 70 жасқа толар еді. Артында қалған ұрпағына сабырлықпен аманшылық тілеймін - деді тақтаның ашылу салтанатында ҚР ІІМ Ұлттық гвардия және республикалық ІІБ ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсанбеков.
Шараға қатысқан марқұмның туыстарының атынан Владимир Шумеленконың жары Людмила Георгардовна ескерткішті ашып, құрмет көрсетіп жатқан департамент басшылығына алғысын білдірді.
Владимир Петрович Шумиленко (1947-2010) – КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ІІМ құрметті ардагері, милиция генерал-майоры. Ардагер ішкі істер органдарына 36 жыл өмірін арнапты. Қарағанды облысындағы ІІО құрылымында қылмыстық іздестірудің жедел уәкілі болып 1970 жылы жұмысын бастаған. Қысқа мерзімде ол Ленин аудандық ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1981-1983 жылдары Владимир Петрович КСРО ішкі істер министрінің Ауғанстандағы ІІМ кеңесшісі болып қызмет атқарып, еңбегі жанып, «Қызыл жұлдыз» орденімен және 3 медальмен марапатталады. 1985 жылы Қарағанды облыстық атқару комитетінің Ішкі істер басқармасының бастығы болды.
Сондай-ақ бұл күні Қарағанды полициясының қатары 20 жас қызметкермен толықты. Олардың ішінде тергеушілер, анықтаушылармен учаскелік полиция инспекторлары. Олар салтанатты түрде Отанымызға адал болуға ант етті.
Ант қабылдау салтанантынан кейін 11 жас қызметкерге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен алғашқы лейтенант шендері берілді
Сонымен қатар ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерінің киімдері қысқы формаға ауысты – жылы бушлат, қысқы құлақшындар және жылы аяқ киім.