Новости области
Қарағандыда мектеп президенттерін жаңа ережелер бойынша сайлау ұсынылды

Қарағандыда мектеп президенттерін жаңаша сайлау ұсынысы жасалды. Мұндай ұсыныс ҚР орталық сайлау комиссиясынан келіп түсті. Осы секілді жобалар пилоттық режимде Астана қаласында жұмыс істеп жатыр, жәнеде сәтті нәтижелер көрсетуде.
Ол туралы өзінің Қарағандыға жасаған сапары барысында ҚР орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәлімдеді. Елордадағы мектептерде оқушылар өз кандидатураларын ұсынады, сайлау алды жарыстар өткізеді – насихат парақшаларын таратады, бағдарламалар құрады, жәнеде барынша дауыс берушілерді жұмылдырады. Сайлау алдында, әдеттегідей «тыныштық күні» жарияланады, ал сайлаудың өзі шынайыға максималды жақын форматта өтеді – дауыс беру кабиналары, бюллетеньдер, сайлау комиссиясы және бақылаушылар бар.
- Мектеп президенттерін сайлау бұрындары да болған, алайда әр мектеп оны өз бетінше өткізіп отырған, - дейді Константин Петров. – Қазір біз білім министрлігіне Қазақсиан Республикасының сайлау туралы заңының негізінде құралған осындай бірыңғай форматты ұсынып отырмыз. Бұл мектеп оқушыларына көмектесіп, өзінің азаматтық позициясын ұстануға қызығушылығын тудырады, оларды дауыс беруге үйретіп, демократияның негізгі принциптерін іс жүзінде көрсете біледі деп ойлаймыз.
Қарағандыда сонымен қатар мектептерде «ересектер» ережесі бойынша сайлау өткізу ұсынысы жасалды. Егер бұл тәжірибе сәтті болса, онда өз президенті үшін облыстың барлық оқушылары дауыс беретін болады.