100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда ІІІ қалалық жас журналистер мен блогерлер слеті өтеді

 16-шы қараша 9.00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жастар әлемі» Жастар сарайында ІІІ қалалық жас журналистер және блогерлер слеті өтеді.

Қатысушылар БАҚ, мемлекет және қоғамның өзара қарым-қатынасының тиімділігін талқылайтын болады. Сонымен қатар Қазақстан мен әлемдегі заманауи медиа арналардың даму үрдісі туралы сөз қозғалады. Арнайы шақырылған қонақ – танымал журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай.
Қалалық жас журналистер және блогерлер слеті Қарағандыда 2015-ші жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың алға қойған мақсаттарының ішінде – дарынды жас журналистер мен блогерлерді қолдау, қазақ тілді контентті байыту бар. Блогерлер және жас журналистермен қатар слетке сонымен қатар PR-агенттік өкілдері, студенттер және азаматтық белсенділер қатысады.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.