100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

ҚАРАЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН МЕРЕКЕЛІК ШАРА

Қаражар ауылдық округінде 29- қыркүйекте «Карина» мәдени ағарту орталығында қарттар күні мерекесі атап өтілді. Мерекелік шараға Қаражар, Асыл, Волковское, Геологическое ауылдарының қариялары мерекелік шараға арнайы шақырылды.

   Әкімшілік қызметкерлерімен, ауылдық мәдени ұйымдастырушы Абдыракманова Г.С., ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Отрубленко Н.В., ауылдық модельді кітапхана меңгерушісі Әсетқызы З. Және  ауылдағы жеке шаруашылық қожалықтарымен жеке меншік дүкендері басшыларының демеушілік көрсетуімен мерекелік концерт ұйымдастырылып, кітап көрмесі қойылып,  дастархан жайылды.

   Сонымен қатар аға буын мен жастар ортасында және қариялардың өз арасында дойбыдан жарыс ұйымдастырылды. Оданда бөлек викториналық және би жарысында да қариялар ат салысты.

     Ауыл әкімі Кенжекеева С.Б., аудандық маслихаттың депутаты Жумабеков Б.Х. құттықтау тілектерін білдіріп сыйлықтар ұсынды. Өз кезегінде қариялар көрсетілген сый- құрметке алғыстарын білдірді.

    Денсаулық жағдайларына байланысты келе алмаған қарияларға арнайы сыйлықтар үйді-үйлеріне таратылды. Қарттар күніне арналған мерекелік шара ойдағыдай өтіп, қарияларымыздың көңілін бір демеп тастады.

Қаражар ауылдық округі әкімінің аппараты 

Вернуться к списку новостей

Сіздерді шын жүректен көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз! 21 Наурыз 19:17
Қарағандыда 192 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша пәтер иеленді 21 Наурыз 19:00
К. С. Станиславский атындағы театрда Наурыз мейрамы қарсаңында арман ағашы пайда болды 20 Наурыз 18:51
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»