Новости области
Қарағандыда Еркеғели Рахмадиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтеді

Еркеғали Рахмедиевтің 85 жылдығына арналған концерт 30-шы қараша күні сағат 18.30 «Шалқыма» концерт залында өтеді. Онда «Астана Опера» театрының солисі Айзада Капонова өнер көрсетеді. Сонымен қатан концертке скрипкашы Әнел Шәкірова және Петр Грибановтың жетекшілігімен Қарағанды симфониялық оркестрі қатысады. Билет бағасы 1000 теңге.
Еркеғали Рахмадиев (1932-2013) - Қазақстанның жетекші композиторларының бірі. Ол қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. “Қамар сұлу”,“Алпамыс” опералары, “Абылай хан” сияқты алты операның, көптеген оркестрлік, вокалдық-хор, театрлық-сахналық, камералық-аспаптық шығармалар, әндер мен романстардың авторы.
1968 жылдан Қазақстан Композиторлар одағының төрағасы болды. Өмірінің соңғы жылдарында Астанада тұрып, еңбек етті, онда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен барды. К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера театрында кеңесші болды, Астанада опера өнерінің дамуына үлкен үлес қосты, Қазақ ұлттық музыка академиясының студенттері мен аспиранттарына Айман Мұсаходжаеваның жетекшілігімен музыкалық шығарма жазуыдың теориясы бойынша дәріс берді.