100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

«Қазақстан – саяхат елі» тақырыбындағы эссе байқауының қорытындысы жасалды

 «Қазақстан – саяхат елі» тақырыбындағы эссе байқауының қорытындысы жасалды. Байқау «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастыруымен «Көшбасшы жолы» мектеп турының қатысушылары арасында өтті.

Өз жұмыстарында оқушылар Қазақстан бойынша жасаған саяхаттардан алған әсерлерімен бөлісті. Өз көздерімен көрген көрнекті жерлер туралы айтып, елімізде туризмді қалай дамытуға болатыны туралы ойларын келтірді.
Елордада болып қайтқан оқушылар Назарбаев Университетте өткен экскурсиядан кейін ерекше әсер алған, жәнеде олардың көбісі өздерінің болашақ білімін дәл осы оқу ордасымен байланыстырғысы келетінін айтты. Сонымен қатар Бірінші Президент мұражайы мен кітапханасына жасалған экскурсия да өте қызықты болған екен.
Алматы облысына саяхатқа барған оқушылар болса өз шығармаларында Қаскелеңдегі тарихи-өлкетану мұражайы және Нұрсұлтан Назарбаев оқыған Үшқоңыр ауылына барған саяхаттары туралы жазды.
Жалпы алғанда бұл турлар балалар үшін өз елін белсендірек танып, зерттеуге күшті түрткі болғандай. Байқауға қатысқан жұмыстарда ұйымдастырушылар оқушылардың әрі қатарй Қазақстан бойынша саяхаттауға құлшыныстарын байқаған екен. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы және Бірінші Президент Қорының өкілдерінен құралған байқау комиссиясы Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан секілді алты облыстың әрқайсысынан үш жеңімпаздан анықтаған.
Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен – планшеттер, смартфондар, смрт-сағаттар, сондай-ақ облыстық білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталды.
Байқау комиссиясының мүшелері қорытындылағандай, оқушылар арасында былайша айтқанда «university tours» яғни еліміздің жоғарғы оқу орындарын аралауға арналған турларға қатысты үлкен сұраныс бар. Әдетте ондай турларды ЖОО-ы абитуриенттерді қызықтыру үшін өздері ұйымдастырады.
«Көшбасшы жолы» алғашқы турлары күзгі каникул кездернде «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасының Бірінші Президент Қорының қолдауымен елбасымен байланысты жерлерді аралау бағдарламасымен Астана және Алматыға ұйымдастырылған болатын.
Бұл турларға Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жиналған 13 және 17 жас аралығындағы белсенді және үздік оқитын 480 оқушы қатысты.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.