100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

ТОҒЫЗҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЖАҢА ЖЫЛ

         Әр жыл сайын асыға күтетін көңілімізді шаттыққа бөлеп, жүрегімізге ерекше жылулық сыйлайтын мерекелердің бірі – Жаңа жыл.
Аталмыш  мерекеге орай желтоқсан айының  28 мен 31-ші жұлдызы аралығында Тоғызқұдық ауылында бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
        Жаңа жыл мерекесін  әсіресе, бүлдіршіндер асыға күтетіні баршамызға мәлім.
Желтоқсан айының 30 күні балаларға шаттық көңіл – күй сыйлау мақсатында кішкентай  бүлдіршіндерге арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға жиналған ауыл тұрғындарымен бүлдіршіндерді  ауыл әкімі Е.Карипбаев құттықтап, ауылымыздағы  бірқатар аз қамтылған және көп балалы отбасыларының үйлерін аралап жаңа жылдық сыйлықтар таратты. Бүлдіршіндер Аяз ата мен Ақшақарға өздерінің жаңа жыл туралы  тақпақтарын оқып, би билеп, ән айтып өз өнерлерін көрсетті.  Аяз - ата өз кезегінде бүлдіршіндерге сыйлықтарын таратты. 
       Желтоқсан айының  31-ші жұлдызында жаңа жыл мерекесіне сай  безендірілген  әсем әшекейленген жасыл шырша маңында ауыл тұрғындары жаңа жылды тойлауға жиналды.  Жаңа жыл мерекесіне жиналған қонақтарға  арналып жаңа жылдық ойын – сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, мәдениет үйінің өнерпаздарының  әзірлеген жаңа жыл кешіне арналған  қойылымдар халық назарына ұсынылды. 
Жаңа жыл мерекесіне демеушілік көмек көрсеткен «Марат» шаруа қожалығының басшылығына алғыс білдіреміз.  

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысының әкімі денсаулық сақтау бойынша Парламенттік тыңдауларда баяндама жасады 06 Сәуір 19:11
Қарағандыда жергілікті құрамды дамыту бойынша үш жақты жоспарға қол қойылды 06 Сәуір 14:38
Қарағандыда «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты форум өтті 06 Сәуір 14:00
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»