Новости области
Қарағандының сауда үйлерінде домбырашылар өнер көрсетеді

15-ші наурызда «Таир» және «Алтын арба» сауда орталықтарында ЮНЕСКО Клубы №2 өнер мектебінің домбырашыларының өнерін тамашалауға болады. Бұл музыкалық флешмобтар «Үкілі домбыра» қалалық байқауының шеңберінде өткізіледі.
Жас домбырашылар байқауы Қарағандыда екінші рет өткізілгелі отыр. Биылғы жылы ол №102 лицей базасында ұйымдастырлады. Сайыстың мақсаты – балаларды өнер мектептіренде оқуға баулу, музыкалық және көркемөнер әлеміне жақындастыру болып табылады. «Үкілі домбыра» ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясының қорғауымен өтеді.
Флешмобқа бір мезгілде 100 жас музыкант қатысады. Олардың қатарында – қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары. Домбырашылардың өнерін 15-ші наурызда қаламыздың екі ірі сауда орталықтарында тамашалауға болады. «Таирде» домбырашылар 11.00-де ойнайды, ал «Алтын арбада» - 12.00-де.
Шара Қарағанды қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізіледі.
2016-шы жылдың желтоқсанында осы секілді флешмоб Қарағандының «Таир» сауда үйінде ұйымдастырылған болатын. Ол кезде кәсіби музыканттар, студенттер мен мектеп оқушылары көрермендер үшін Құрманғазының «Сарыарқа» күйін орындаған болатын.