100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Қарағандыда алғаш рет «Үздік тәлімгер-2018» облыстық тәлімгерлер байқауы өтті


Бүгін «Білім-инновация №2» лицейінде «Үздік тәлімгер-2018» облыстық тәлімгерлер байқауының ақтық сайысы өтті. Байқау «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Финалға аймағымыздың әр аудандарынан, сондай-ақ Қарағанды мен Саран қалаларынан 8 қатысушы шықты.

 

- Байқауды Қарағанды облысының тәлімгерлер Қауымдастығы ұйымдастырды. Елбасының тапсырмасы бойынша білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «Жас қыран-Жас ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының жұмысын дамыту қажет. Бұл жұмыстарға өз мектептерінде жетекшілік ететін педагогтар – тәлімгерлер болып табылады, - дейді Қарағанды облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Гүлмира Көпбаева. – Биылғы жылы біз тәлімгерлермен бірлескен көптеген шаралар өткіземіз. Негізгі шаралардың бірі – «Үздік тәлімгер» байқауы.

Байқаудың іріктеу кезеңі наурызда өтті. Тәлімгерлер өтініштер тапсырып, портфолио әзірледі, оның ішінде өздерінің негізгі жұмыстарын таныстырды, жетістіктер туралы айтады. Қатысушылар сонымен қатар «Мен заманауы тәлімгермін» тақырыбында эссе жазулары тиіс. Барлығы байқауға 45 педагог өтінім тапсырған. Қазылар алқасы олардың арасынан 8 үздігін таңдап, ақтық сайысқа өткізді. Ол Қарқаралы, Шет, Абай, Ақтоғай, Ұлытау аудандарының, Қарағанды және Сәтпаев қалаларының тәлімгерлері.

13-ші сәуірде өтетін байқаудың ақтық сайысында қатысушылар «Мен тәлімгермін» тақырыбында таныстырылымдар ұсынулары тиіс, педагогикалық жағдайларды шешіп, алдын ала «Сәттілікке бағыт» үй тапсырмасын әзірлеулері керек.

Байқаудың басты шарты – тәлімгерлердің жұмыс өтілі 2 жылдан кем болмауы тиіс. Мақсаты – оқушы жастардың өз шығармашылық қабілеттеріне деген қызығушылығын оятып, көшбасшылық мүмкіндіктерін жетілдіріп, инновациялық идеяларын алға жылжыту болып табылады.

Байқау нәтижесі бойынша Қарқаралы ауданы Бүркітті ауылынан келген Назым Жұмағұлова үздік тәлімгер атанды. Екінші орынды Абай ауданының Агрогородок ауылының тәлімгері Елена Мухарямова иеленді. Үшінші орынды Сәтпаевтан келген Гүлнұр Міркінова мен Қарағанды қаласының тәлімгері Зарина Цэй бөлісті.

- Кәсіби тәлімгерлердің байқауы бірінші рет өткізіліп отыр. Оны жыл сайын өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Гүлмира Көпбаева.

Өткен жылдың қарашасында Қарағандыда тәлімгерлер Қауымдастығы құрылған болатын. Оған Қарағанды облысының түпкір-түпкірінен 36 адам енгізілді. Олар басқа тәлімгерлерге шеберлік-сыныптарын және оқу семинарларын өткізеді. Жазғы демалыс алдында сәуір-мамыр айларында жыл сайын Тәлімгерлер мектебінде сабақтар ұйымдастырылады. Биылғы жылы үш оқу тобын құру жоспарланып отыр.
 

Вернуться к списку новостей

Қарағандыда «Сарыарқа Барысы» облыстық турнирі өтті 17 Сәуір 17:35
Халықаралық компьютерлік жобалар байқауында қарағандылық оқушылар 8 медаль жеңіп алды 17 Сәуір 15:43
Октябрь ауданы әкімдігінде Ашық есік күні өтеді 17 Сәуір 13:24
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»