100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Ұлыстың Ұлы күні Қаражар ауылында

Қаражар ауылдық округінде Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті. Мерекелік шаралар 19-20 наурыз аралығында Қаражар орта мектебінде бастау алды. Шағын орталықта, бастауыш, орта, жоғары сыныптар  жеке-жеке атап өтілді. Сыныптарда ойдағыдай өтті оқушылар ұлттық киімдер киіп, ұлттық тағамдар әзірледі. Әр түрлі сайыстар ұйымдастырды, ән-күйлерін айтып, би-билеп өнерлерін ортаға салды. Ұлттық салт-дәстүрді қаншалықты ұстанатындарын көрсете білді.

        Қаражар ауылдық округінде  мерекелік шара 22 наурызда «Карина» мәдени – ағарту орталығында өткізілді. Шараның ашылуында ауыл әкімі Сымбат Боранбайқызы Кенжекеева құттықтап сөз сөйледі. Наурыз мерекесінің тәуелсіз елімізде ұлт татулығында, ұлттық дәстүрді ұстанудағы, ұрпақ тәрбилеудегі артықшылықтары туралы атап өтті. Құттықтау сөздерін аудан маслихатының депутаты Бахтыбек Хайратұлы Жумабеков алып, Наурыз мейрамымен аудандық маслихат атынан құттықтады. Мерекелік шарада ауылымыздың өнерпаздары ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар ауылымызға Саран қаласынан қонаққа күміс көмей әншілер келіп салтанатымыздың көркін аша түсті.

        Ән – жырдың соңы ұлттық жарыстармен жалғанды. Әкімшілік, Мәнжі батыр атындағы Қаражар орта мектебі, Сулейманов К. жеке кәсіпкерлігі, Амин шаруа қожалығы, Асыл ауылы тұрғындары арнайы әзірлеген ұлттық дастархандары әзірленді. Сайыс тәртібі бойынша 1) ұлттық дастархан, 2) ұлттық нақышта безендірулер 3) ұлттық киімдер 4) әр топтың ұлттық дәстүрден көрсетілімдер қойылуы бойынша  бағалады.  «Амин» шаруа қожалығының басшысы Саграт Аллероеваның әзірлеуімен ұтыс билеттері ойнатылды. Ұтысқа жем-шөп сияқты ауыл өңіріне қажетті және тұрмысқа қажетті  сыйлықтар қойылды.

       Ал «Карина» мәдени – ағарту орталығының алаңында  екі салмақ бойынша Қазақша күрес, арқан тарту, қой көтеру, ат үстінде аударыспақ сияқты салауатты өмір салтын насихаттайтын ойындар өткізілді. Ойындардың жеңімпаздары шаруа қожалығының басшылары және жеке кәсіпкерлер әзірлеген сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шара ауыл тұрғындарының көңілінен шықты. Шараға 400 дей ауыл тұрғындары көрермен болып риза болып тарасты.

     Осы Наурыз мерекесін атқарысуға ат салысқан шаруа қожалықтары басшылары: Сапар Көшкенович Ибкеевке, Саграт Салавдиевна Алероеваға, Марат Мұқанұлы Мұқановқа, Ваха Салавдиевич Зауырбековке жеке кәсіпкерлер: Рая Төлеубаевна Жеткинбаеваға, Қайрат Жақанұлы Сулеймановқа айрықша алғыс айтқымыз келеді. Мерекелік шараны ұйымдастыруда ерекше ат салысқан мәдени ұйымдастырушы Гүльнар Сайдыбалиевна Абдыракмановаға, безендіруші Гүльмира Шаукетовна Коянбаеваға, Қаражар орта мектебінің директоры Амангелді Шоңқабаевич Қоянбаевқа және ұжымына алғыс білдіреміз. Келешекте осындай шараларға қолғабыс етіп, еңбектеріңіз жемісті болып, табысқа жете берулеріңізге тілектеспіз.

 

Қаражар ауылдық округінің аппараты

 

Вернуться к списку новостей

Қарағанды облысында мисс Туризм таңдалды 28 Сәуір 16:38
Қарағандыда 1-ші мамырда мерекелік шеру, театрландырылған қойылым және этномәдениеттер фестивалі өтеді 28 Сәуір 15:55
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы: аударылған баспа өнімдерінің тізімі барлығына қолжетімді болады 28 Сәуір 15:48
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»