Новости области
«Рухани Жаңғыру» жылы: Қарағанды облысында жүзеге асырылған 187 жоба

Астана қаласындағы Қазақстан Ұлттық мұражайында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласының шыққанына бір жыл толуына орайластырылған таныстыру көрмесі өтті.
Мұражайда қазақстандық зиялылар, ғалымдар, әртістер және БАҚ өкілдері бас қосты. Кіреберісте алты бағыт бойынша үздік жобалардың таныстырылымдары ұсынылды: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы», «Қазіргі заманғы әлемдегі Қазақстан мәдениеті», «100 жаңа оқулықтар», «Қазақ тілінің латын графикасына көшуі», «100 жаңа тұлға». Бұл жобалар Қазақстанның барлық аймақтарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр.
Таныстыру көрмесін ҚР Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ашты. Ол барлық қазақстандықтар үшін бағдарламаның жүзеге асырылуындағы маңызды бағыттарын атап өтті.
- Біздің мақсатымыз – бағдарламаны одан да бетер жақсарту, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберіндегі шараларды жетілдіре түсу. Қазір біз әрбір адам бұл бағдарламада өзін таба алуы үшін оны одан да қызықтырақ етуіміз өте маңызды. Еліміздің әрбір тұрғыны оған қатысуы да өте маңызды, себебі бағдарлама ұзақмерзімді, ал оның концептуалды бөлігі өте мәнді, - деп түсіндірді Аида Ғалымқызы.
Қарағанды облысы бойынша «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлнәр Құрбанбаева облыс бағдарламаны жүзеге асыруда белсінді түрде алға жылжып келе жатқанын, алдағы бес жылға шаралар жоспары құрылғанын атап айтты.
- Қарағанды облысында «Туған жер» арнайы жобасы өте ауқымды. Ол Қарағанды облысынан 195 жобаны қамтиды. Біздің кәсіпкерлер мен меценаттар аумақтарды абаттандыруға, ескерткіштер орнатуға белсенді түрде жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар биылғы жылы облыста мектептер, колледждер мен ЖОО-на арналған танымал шет елдік әдебиетті өз бетінше қазақ тіліне аударуға мүмкіндік беретін жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ол өз кезегінде басқа елдердің мәдениетімен танысуға мүмкіндікті кеңейтеді, - деді Гүлнәр Құрбанбаева.
«Рухани Жаңғыру» бағдарламасының бір жыл аралығында жүзеге асырылуы барысында жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеге жеткен 187 жоба құрылды, оның ішінде 2,1 млрд теңге демеушілердің тарапынан бөлінген қаражат. Барлығы жобаны жүзеге асыруға облыстың 841 мың адамы жұмылдырылды. 2022-ші жылға дейін Қарағанды облысында «Рухани Жаңғыру» желісі бойынша 431 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Шараға сонымен қатар «100 жаңа тұлға» жобасының Қарағанды облысынан шыққан алты жеңімпаздарының бірі – Арман Тоқсанбаев қатысты. 26 жасар қарағандылық кәсіпкер бес бизнес-жобаның негізін қалаушы болып табылады.
- Мен үшін жеңімпаздардың бірі атану – үлкен құрмет, жәнеде бір жағынан үлкен жауапкершілік. Мен бизнес өкілі болып табыламын. Менде 5 түрлі компания бар. Олардың ішінде ең танымалы – «Отан» сағат өндіру компаниясы – қазақстанда жиналатын сағаттар. Сонымен қатар мен Қарағандыда орнатылеған инновациялық жылыжайлармен де танымалмын. Мені жас болғандықтан таңдап алды, мүкін мені өскелең ұрпаққа үлгі болу үшін алға қойған болар. «Рухани Жаңғыру» - бұл әлем бойынша баламасы жоқ жоба. Елбасының бұл жобаға салатын бастамалары революциялық болып табылады. Олар Қазақстанды ондаған жылдарға алға бастыртады, - дейді Арман.
Айта кету керек, «Рухани Жаңғыру» - жаһанданудың қазіргі заманғы қауіптері мен қарсы шығуларын ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бейімделген Елбасының бағдарламалық мақаласы. Мақала қоғамдық сананы жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді дамытудың, ұлттық сәйкестікті сақтап қалудың, азаматтардың білімі мен санасының ашықтығын танымал етудің маңыздылығын атап өтеді