100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Новости области

Саранда «Ардагерлер ән шырқайды» атты хор ұжымдарының облыстық фестивалі өтеді

Саран қаласында 4-ші мамырда «Ардагерлер ән шырқайды» атты хор ұжымдарының XХVІІІ облыстық фестивалі өтеді. Шара Жеңіс Күніне және Астана қаласының 20 жылдығына арналады.

Биылғы жылы «Ардагерлер ән шырқайды» фестивалінде Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Шет аудандарынан және Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев, Саран, Теміртау, Шахтинск қалаларынан 24 хор ұжымдары өнер көрсетеді. Сахнаға жалпы есептегенде 600 адам шығады. Ардагерлердің орындауында әскери әндер мен патриоттық тақырыптағы туындыларды тамашалауға болады.

Фестивальге қатысушылар Жеңіс стеласына гүл шоқтарын қояды. Фестиваль ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы.
Хор ұжымдарының өнерін барлық ниет білдірушілер 4-ші мамырда 11.00-де Саран қаласының Мәдениет үйінде тамашалай алады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.