Новости области
Қарағандыда GOOD ZONE жастар коворкинг-орталығы ашылды

Қарағандыда Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма жанынан GOOD ZONE коворкинг-орталығы ашылды.
Бұл орталықта жастарға жұмыс үшін немесе семинарлар, конференциялар, іскерлік кездесуер жән хакатондарды ұйымдастыру үшін орын беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орталық мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға тиімді ықпал етпек.
Сондай-ақ орталықта нақты бір саланың кез-келген мүшесіне заңнамалық кеңестер беріледі, өзін-өзі дамытуға арналған семинар, тренингтер өткізіледі, идеяларды талқыланып, жүзеге асырылады, маркетингтік көмек көрсетіледі.
Шығармашылық әлеуетін немесе өзінің қызметін арттыруға талпынған коворкингтің әр резиденті орталықта өзіне сай келетін маман тауып алып, онымен өзара тиімді ынтымақтастық орната алады.
Коворкинг-орталық 3 аймаққа бөлінген:: негізгі зал, кіші зал және келіссөздер жүргізуге арналған бөлме.Орталық Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайы бойныша Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ғимаратында орналасқан.
Мұнда жұмыс күндері сағат таңертеңгі 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін келуге болады. Қызметтер тегін көрсетіледі.
Анықтама телефоны: 40-07-34.
Коворкинг (co-working немесе coworking, ағылшын тілінен аударғанда «бірігіп жұмыс істеушілер» деген мағына береді) – жұмыс істеуге, іскерлік кездесу мен түрлі іс-шаралар үшін ұсынылатын «коммуналды кеңселік» жабдықталған орын.