Жаңалықтар
Тоғызқұдық ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығы аталып өтті
9 мамыр Ұлы Отан соғысының Жеңісі күні әр отбасына ыстық мереке, өйткені еліміздің әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған , ерлікпен қаза тапқан және соғыс алаңынан оралмаған ата-әжелері бар. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, қаншама адам тылда еңбек етті сондықтанда адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.
Мерекелік шара Тоғызқұдық ауылдық округіндеде өз деңгейінде ұйымдастырылып өткізілді. 9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мамыр айының 2- 9 күндері аралығында Кузнецкий ЖББОМ-мен Тасшоқы НМ- де «Ардагерлерге құрмет-жалпыға міндет» Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 73 жылдығына орай сынып сағаттары, ерлік сағаттары өткізілді.
Жауынгерлік, ерлік, даңқ туралы қабырға газеттері шығарылып, «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің!» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. «Мен соғысты жек көремін!» суреттер байқауы өткізілді. Байқауға оқушылардың соғыс тақырыбында салынған суреттері қойылды. Мектеп оқушылары ҰОС ардагері Ш.Баеубаевтың үйіне барып, үй шаруашылығына көмек көрсетті. 8- мамыр күні «Сұңқар» АҚ қызметкерлері ауылға келіп соғыс ардагерімен тыл еңбеккерлеріне 25 келілік үнмен қаржылай көмек көрсетті.
Тоғызқұдық ауылдық округінің мәдениет үйінде «Отты жылдар естеліктері» атты тақырыпта мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік шараға Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлері шақырылды. Ұлы Отан соғысы Жеңіс күніне арналған салтанатты шара ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Ауыл әкімі Е.Карипбаев ардагерлерді, жиналған қауымды Ұлы Отан Соғысының Жеңісі күнімен құттықтады және Ұлы Отан Соғысы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ардагерлер мәдениет үйінің меңгерушісі Б.Биболовамен мектеп ұстаздары мен оқушыларының қатысуымен ауыл өнерпаздарының дайындаған мерекелік концерттін тамашалады. Мерекелік концертте әскери билермен әндер орындалды.
«Тоғызқұдық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ жетекші маманы Б.Мадениет