Жаңалықтар
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
7 ақпан күні киелі өлке Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің Мәдениет үйінде он сегіз мың ғаламға мейірім жаршысы болып келген Мұхаммед Пайғамбарымыздың туған күні Мәуліт мерекесіне орай «Мәуліт- әлемді қуаныш пен нұрға бөлеген күн» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам, Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, филология ғылымдарының кандидаты, Республикаға белгілі айтыскер ақын, жерлесіміз Айтбай Жұмағұлов, ауыл имамдары, мешіт жамағаты, аудан тұрғындары шақырылды.
Мерекелік шара дәстүр бойынша қасиетті Құран аяттарының лқылуынан басталды.
Аудан басшысы Шагурашид Қалиұлы Мамалинов жұртшылықты қасиетті мерекемен құттықтай отырып, «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ислам - дін ғана емес, ол біздің мәдениетіміз» деген ойлы сөзі бар. Қазір елімізде 26 ұлттан тұратын мұсылмандар бар. Бәрінің Отаны – бір, діні – бір, Пайғамбары – бір, Құраны- бір. Сондықтан, Мәуліт мерекесі мемлекетіміздің түкпір-түкпірінде тойланып жатыр. Мәулітті атап өту- біздің ауданымыздың да игі дәстүріне айналған»,- деген болатын.
Мәуліттің маңызы мен мәніне Өмірзақ қажы Бекқожа ерекше назар аудартты. Сонымен қатар, өз сөзінде бас имам бұл мерекені жыл сайын дүбірлете өткізетін Бұқар жырау ауданының халқына алғысын білдірді. Дәстүрлі діннің дамуына үлесін қосқаны үшін аудан әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалиновқа ҚМДБ атыныан алғыс хат табыстады.
Жүрек жарды лебізін аудандық Жыржыс қажы мешітінің имамы Рүстем Маратұлы Ақошев білдірді. Өз кезегінде ол діннің нгүлденуіне үлесін қосып жүрген кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, алғыс хаттар ұсынды.
Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы драма театрының көрінісін тамашалап көрермен қауым ойға шомып кетсе, республикалық айтыстардың жеңімпазы, Бұқар жырау атындағы жыршы-жыраулар сыныбының ұстазы Дидар Камиев, республикалық «Талант-2017» байқауының бас жүлдегері Фатима Рымқұлова, республикалық, облыстық байқау жеңімпазы Бота Ноғаеваның термелерін тыңдап көңіл сергітті.
Бұл күні Құран аяттары оқылды, жыр- термелер айтылды, құттықтау сөздер мен уағыздар тыңдалды. Ақ жаулықтылардың шашуы да шашылды. Жанға шипа, рухани байлыққа толы бұл шара сөзсіз көрерменнің жүрегіне жол тапты.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы
Комментарии (0):
Комменатриев нет.