Жаңалықтар
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Елбасының тапсырмасымен биылғы жылғы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауын талқылау мақсатында республикалық ақпараттық топтың өңірлерде кездесу өткізуі аясында 24 ақпан Бұқар жырау ауданына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі су ресурстары Комитетінің төрағасы Ислам Алмаханұлы Әбішев келді.
Кездесу ауданның екі кентінде жоспарланып өткізілді. Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде өткен жиынға 120 – дан астам адам қатысты. Ақпараттық топ Жолдаудағы міндеттерді талқылағанмен қатар, аудандағы күрмеуі қиын мәселелердің шешімін табуға ат салысты.
Ботақаралықтар білім беру саласындағы жаңалықтар, заманауи өнеркәсіптерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы сұрақтарына жауап тапты.
Дәл осындай кездесу Ғ.Мұстафин кентінде өтті. Оған 100-ден аса адам қатысты. Мұстафиндіктер үшін бұл жиын- бұрынғыдан өзгерек болды. Себебі, әр тұрғынының көңіліне қуаныш ұялап, сөне бастаған үміт қайта жана бастағандай болды.
Бес мың халқы бар кенттің тұрғындары үшін бәріне ортақ маңызды бір сұрақ бар. Барша халықтың көкейін тескен, айта- айта жауыр болған мәселе– Ғ.Мұстафин кентіне жақын орналасқан жүккөліктерге арналған көпірі және қорғаныс дамбасы бар, көлемі 80 млн куб. су қоймасының жөнделуі туралы сұрақты өзін- өзі басқару бірлестігінің төрағасы Лев Базилев және мүшесі Шахвели Курбанов жеткізді. Еңбек ардагері Петр Фетченко бұл мәселеге қатысты талай жыл құзырлы ұйымдардың табалдырығын тоздырғанын айтып, халықтың ортақ пікірін ортаға салды.
«Бұл көпір- өмірлік мәні бар көпір» дейді кент тұрғындары бірауыздан. Себебі, көпірдің арғы бетінде іргелес тұрған металлургтер қаласы Теміртау бар. Көпір арқылы 5-6 шақырып жерде жетуге болатын қалаға, кент тұрғындары 70-80 шақырым жол жүреді. Қаланың жақындығына қарамастан, күнделікті жұмыстарына барып- келу, жақындары мен туысқандарымен қатынау - олар үшін 10 есе көп уақыт пен қаржыны талап етеді.
Бұл көпірдің мәселесі бір- екі жыл емес, кент ішінде ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатыр.
Дегенмен, халықтың жан айқайын естіген Ислам Алмаханұлы Әбішев жарты ғасыр шешімін таппай келе жатқан мәселенің нүктесін қоятын уақыт келгенін айтты. Қарағанды облысы бойынша «Казводхоз» директоры Д.Абжановқа биылғы жылдың 1 мамырына дейін жобалық – сметалық құжатты әзірлеуді тапсырды. Ал 1 маусымнан бастап су ресурстары Комитеті көпір құрылысына кіріседі деп уәде берді.
«Әрине, бұл- күрделі мәселе. Аз уақыт алмайды. Дегенмен 2019 жылдың аяғына деген біржақты шешімін шығарамын»,- деп сөзін түйіп, Петр Фетченкомен қол алысты.
Бұрын- сонды осы көпірге байланысты мардымды жауап таппай шаршаған Ғ.Мұстафин кентінің тұрғындары мәз- мейрам болып, батасын беріп, құрмет- қошеметке бөледі.
Бұқар жырау ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
Комментарии (0):
Комменатриев нет.