100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Ақбел ауылдық округінің 2018 жылғы қантар және ақпан айларында әлуметтік эконмикалық көрсеткіштері

Ақбел  ауылдық округінде халық саны- 857, оның ішінде экономикалық  белсенді халық саны -339, жұмыспен қамтылған-260 адам,өзін-өзі жұмыспен қамтыған-88 адам, жұмыссыз ретінде  тіркелген -7 адам, зейнеткерлер саны 115 оның ішінде  8  тыл  ардагері ,жәрдем ақы алатын-14 отбасы,   атаулы әлеуметтік көмек-2 отбасы.

округ  аумағында  38 шаруа  қожалығы  және 5 жеке кәсіпкер тіркелген.Ауыл шаруашылығының  негізгі бағыты мал шаруашылығы және егін егу болып табылады  2018 жылы   ірі қара -1719 бас, қой-ешкі -2618 бас, жылқы -741 бас, шошқа 150 бас, әр түрлі құстар-1208    тіркелді. Біздін округте шарауа қожалықтарында 47734 га жер тілімі тіркелген, оның ішінде 12096 га егіндік жер және 33995 өріс.  2017 жылғы қортындысы бойнша шаруа қожалықтармен  3950 га көлемінде жер жыртып егің егілді, игерілмей жатқан жер көлемі 8146 га.  Сонымен қатар 2018 жылы өз жоспарларын шаруа қожалықтары жер игеруге  6000 гақарастырылып отыр. Өткен жылығы күзде 800 га жер жыртылып көктемдік науқанға дайындалды.

Мал шарушылығын дамытуға ауыл тұрғындарымен жиналыс кездесулер өткізіліп  несие беру жөнінде  ақпараттық- насихатау жұмыстары өткізілді. Қазіргі кезде Құрама ауылында тұрғындардың  келісімімен ауыл шаруашылық  кооперативін құру жұмыстары  жүргізілді.Ендігі кезек мемлекеттік тіркеуден өту . Биылғы жылы мал шарушылығын дамыту мақсатында «Айдар» ШҚ- Каппасов Ержан, «Аян» ШҚ -Козбагаров Хамит, «Асылхан»  ШҚ несие алып, мал басын көбейтуге жоспар құрып отыр. Өзін – өзі басқару жиынының шешімен Е.Б. Каппасов  4 мың га, Е.О. Хамитов 4 мың га ауыл мекенінен жер  телімі берілді.

«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту»  2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  аясында  ағымдағы жылы бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқуға 5 адам және тегін касіптік оқыту бойынша 1 адам оқуға жіберілді. Үшінші бағыт бойынша бір адам жастар тәжірибесін өтуде. Жыл басынан бері  44 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылды, 6 адам қоғамдық   жұмыскер болып жұмыс атқарды, ЖК Шаймерденова 2 адамды әлеуметтік жұмыспен қамтыды

    Округте Қорғанкөл көлінде балық шаруашылығын дамыту мақсатында Галимова Батима  жеке кәсіпкер кәсіпттік балық аулау жұмысын бастады. Бұдан әрі туризімді дамыту   жоспарлануда. 

Округ бойынша  бір клуб және бір модельдік кітапхана бар. Жыл басынан бастап  ауылдық клуб үйінде  әр мереке күндеріне арналған мәдени шаралар өткізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы  бойынша округте 2 мектеп және мектеп интернаты жұмыс атқаруда.  Қ.И.Сәтбаев атындағы мектепте 109 оқушы оқиды, Ақбел және Құрама ауылдарында шағын орталықта 29 бала тәрбиеленеді, 53 бала тегін тамақтанады. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толығымен жұмыс атқаруда. Осы жылы бюджеттен мектеп ғимаратының төбесің күрделі жөндеуіне 40 млн тенге қаражат қөзделіп отыр.  Мәдиниет қызметкерлері мектеп оқушыларына әр түрлі мерекелік және спорттық іс- шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөнгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіліп тұрады.

   Дене шынықтыру және спорт  түрлерін әрі қарай дамыту мақсатында ауылда күрес залы жұмыс жасайды , қазіргі кезде 27 бала күрес секциясына қатысады. Аудандық, облыстық жарыстарда біздің палуандар жүлделі орындар  иеленуде. 

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды  дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында округ аумағында 1 медициналық пункт,  Құрама және Алабас ауылдарында  2   медбике жұмыс атқарады.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар аясында  тегін медициналық скринингтен  өткізу жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11 бала дүниеге келді ,5 адам қайтыс болды.

Ауылдық  округтің инженерлік инфрақұрылымын дамыту

 Жалпы округ  бойынша       54  электр  жарықтары    орнатылған  Су мәселесі бойынша Ақбел ауылында 2 скважина, бір су қоймасы арқылы халық таза сумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде су нысандары жеке кәсіпкер Шаймерденов Е. заңды түрде берілді.  Өткен жылы Құрама ауылының халқының сұрауы бойынша 1 скважина қазылып,  халық таза сумен қамтамасыз етілді. 

Кесте бойынша «Қарағанды-Ботақара-Ақбел» 84 маршрут автобусы   2 мезгіл қатынайды. Ауыл тұрғындарына өте қолайлы. Ауыл тұрғындарының сұрауы бойнша аталған маршрут Құрама және Үміткер ауылана жалғастырылды.  Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі  көше жолдарын  қардан тазарту жұмыстары атқарылады.

Әкімшілік  ғимаратында  жұмыс  атқаратынветеринарлық бөлім  ,  талапқа сай материалдық- техникалық жабдықтармен және интернет жүйесімен толық қамтылған. 2017 жылға арналған ветеринариялық профилактикалық іс-шаралар толығымен жүргізілді. Ағымдық жылда ауыл тұрғыны Молдабаев Кайрат бастамасымен  мал сою алаңы жұмысын бастайды.

Ақпаратты Қазақстан -2020 бағдарлама жүйесің асыру мақсатында 

Ақпараттық насихаттау тобы әр мемлекеттік мекемеде, мешітте халықпен кездесу өткізіп  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы, діни экстремизмге қарсы дәрістер оқиды.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету аясында жыл басынан  38 мемлекеттік қызмет көрсетілді    және жеке тұлғалардан жер  телемін алу  мәселесі бойынша 9 өтініш түсті. Түскен өтініштер толығымен қанағаттандырылды

 

Ақбел ауылдық округінің әкімі    А. Досмаков

 

 

 

 

 

фото

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.