Жаңалықтар
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
2017 жылдың 29 мамырында Ботақара кентінің «Сары-Арқа» спорт кешенінің аумағында, аудандық мектепшілік «Жас құтқарушы» олимпиадасы өтті. Сайысқа ауданның 16 мектебінен 8-9 сыныптар оқушылары қатысты. Әр команда 3 жасөспірім мен 2 қыздан құралды.
Қазақстан Республикасы Әнұранының шырқалуы, турнирдің ресми ашылуын білдірді.
Ашылудың салтанатты бөлімінде адал күрес тілегін, Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі, сайыстың бас төрешісі Нурмухамед Серикович Интуев және аудандық білім бөлімінің басшысы Гульмира Кабирахмановна Мажитова білдірді. Жас құтқарушыларды сайыстың ашылу салтанатымен іс-шара қонақтары да құттықтады: Қарағанды облысы ТЖ Департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және алдын алу қызметі басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Наталия Николаевна Ерёменко және азаматтық қорғау органдарының ардагері Вячеслав Викторович Малышкин.
Жас құтқарушылар ұраны астында:
Бойымыз кішкентай болса да
Бұл маңызды емес,
Отпен күресте Әрқашан,
Көмекке біз дайынбыз!
балалар сайыстардың бастапқы алаңдарына бет алды.
Жас құтқарушылар алты кезеңдерде сайысты және жоғарғы тәртіп, жақсы спорттық және зияткерлік дайындық, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыстарын көрсетті.
«Жауынгерлік киімді кию және өрт сөндірушіні жабдықтау» кезеңінде, үздік нәтижелерді Токаревка, Ельтай және Қушоқы мектептерінің оқушылары көрсетті. .
«Кедергілерімен 100-метрлік жолақты» еңсеруде, Зареченый, Қазақ және Қушоқы мектептерінің командалары, жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды.
«Конструкцияға құтқару арқанын бекіту» кезеңіне қатысу үшін әр командадан 3 қатысушы жіберілді, оның ішінде айта кету керек қыздар да бар, олар үздік нәтижелер көрсетіп өз командаларына жеңіс әкелді. Ельтай мектебінің оқушылары үздік уақыт көрсетті, жеңімпаз командадан Токаревка және Амангелді мектептерінің командалары аз ғана қалып қойды.
«Өрт сөндіру викторинасына» тек қыздар ғана қатысты. 12-ден 12 абсолюттік нәтижесін Токаревка және Нұра мектептерінің оқушылары жинады, Ю.Гагарин атындағы ОМ және Көкпекті ОМ –нің оқушылары 1 балға ғана қалып қойды, үшінші орынды Қазақ ОМ –нің командасы иеленді.
«Дабыл бойынша жиналу және бару» -кезеңі, оған командалардың барлық мүшелері қатысты. Ельтай, Қушоқы және Қазақ ОМ-нің командалары ең жақсы үйлесімділік және командалық рухты көрсетті;
Сайыстардың соңғы және ең көріністі «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңінде, команда мүшелеріне жұмыс жолағын ашу және су қысымымен қарудан нысанадағы допты шалу керек болды. Бұл тапсырманы бәрінен бұрын Токаревка ОМ-нің командасы орындады, жеңімпаздардан Ельтай ОМ-нің оқушылары аз ғана қалып қойды, үшінші орынға Көкпекті ОМ-нің командасы жайғасты.
Қызу және тартысты күрес барысында жалпы командалық есепте ең үздік нәтижені көрсетті және «ЭКСПО – 2017» Астанаға бару бас жүлдесін Токаревка орта мектебінің командасы алды, Ельтай орта мектебінің оқушылары жеңімпаздардан 1 ғана балға қалып қойды, үшінші орынды Қушоқы кентінің командасы иеленді.
Сайыстың барлық жеңімпаздары кубоктар және грамоталармен марапатталды, ал жүлделі орын алмаған командаларға «Белсенді қатысқаны үшін" дипломдары мен Қарағанды облысының ТЖ Департаментімен және Бұқар -жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұсынылған сыйлықтар берілді.
«Жас құтқарушы» олимпиадасын өткізу, төтенше жағдайларда өскелең ұрпақта тек дұрыс әрекет ету білімі мен дағдысын тәрбиелеу ғана көзделмей, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, оқушыларда терең теориялық білім мен ТЖ –да сапалы тәжербиелік дағдыны қалыптастыруға, жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптасыруға, жеке қауіпсіздік пен айналадағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеуге бағытталған.
Сондай ақ жалпы білім беру мектептері оқушыларын, «Өрт сөндіруші» және «Құтқарушы» мамандықтарына да кәсіптік бағдарлау маңызды фактор болды.
Олимпиаданың аяқталу кезеңінде, оған қатысушылар 23 маусымда өтетін, Қазақстан полициясы құрылуының 25-жылдығына арналған флэшмоб ұйымдастырып, өткізді. Флэшмоб шеңберінде сайысқа қатысушылар «25 IIM»- аббревиатурасы түрінде сапқа тұрды.
Бұқар жырау ауданының
ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау аға лейтенанты
В. Малышкин
Комментарии (0):
Комменатриев нет.