100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Ростов округінде тай жарыс өткізілді

Биыл бабамыздың туылғанына 350 жыл толуын кең ауқымда тойлату жоспарланып отыр. Сол шаралардың бірі ретінде бекітілген жоспарға сәйкес Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдыға арналып Ростов ауылдық округінде  маусым айының 2 жұлдызында ауылдық округ кәсіпкерінің демеушілігімен «Тай жарысы» өткізілді. Қатысушыларды ауылдық округ әкімі құттықтап, Қызылжар ауылының имамы бата берді. Жарысқа облысымыздың түпкір – түпкірінен және тыс жерлерден қатысушылар келді. Барлығы 30 жуық қатысушы болды. Тайлар 5 шақырымға шауып бірінші болып келген 5 орын жүлдеге ілінді. Бірінші орынға– автокөлік, екінші орынға– қой, үшінші орынға – мультиварка, төртінші орынға – 15000 теңге және бесінші орынға – 10000 теңге берілді.

Ростов ауылдық округінің әкімі аппараты

Вернуться к списку новостей

© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»