Б.Нұрмағанбетовтың Үміткер ауылдық округі әкімінің функционалдық міндеттерін орындау жөніндегі жауапкершілігі және округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына, инновациялық-инвестициялық жобаларды ілгерілетуге, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамытуға, санитарлық тазартуға және көркейтуге қосқан жеке үлесі жөніндегі есебі
Үміткер ауылдық округі облыс, аудан орталығынан қашық орналасқан. Округ аумағы 97777 га, оның ішіндегі – 50603 га ауыл шаруашылық бағытындағы, 39378 га елді мекен көлемі. Округке қарасты Үміткер, Төрткөл,Үлгі ауылдары. Тұрғылықты халық саны -1361, оның ішінде Үміткерде - 926, Төрткөлде -164, Үлгіде - 271. Экономикалық белсенді 483 адам, жұмыспен қамтылған 475 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 155 адам.
Дәрігерлік амбулаторияға Үміткер,Үлгі, Төрткөл, Құрама ауылдары қарайды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша екі миллион теңге қаржы бөлініп, ауылдық медициналық амбулаторияға күрделі жөндеу жүргізіліп, 5 адам уақытша жұмыспен қамтылды. Құрылыс жұмысын ТОО «Компакт и К» мекемесі жүргізді. 2010 жылы амбулаторияға дәрі-дәрмекке 28232 теңге қаражат бөлінді.
Көше тазалығы бағдарламасы бойынша Үміткер ауылында біршама жұмыстар жүргізілді. Осындай шараға ат салысып көмектескен «Батырхан» ШҚ (басшысы С.Мыстаев), «Бектас» ШҚ (басшысы Ғ.Батырбеков), «Наурызбек» ШҚ (басшысы А.Асқаров), «Сағымбай» ШҚ (басшысы Н.Шайхин, «Нұртас» ШҚ (басшысы Ш.Жүргембаев) еңбектерін айта кету орынды. Шаруа қожалықтары мүшелері өз техникасымен шығып, жалпы көлемі 3840 тонна күл-қоқыс шығарылды. Ауылымыздың көше тазалығы келешекте де жалғасады.
Ұлы Отан соғысының 60 жылдығы атындағы саябаққа 40 түп жас талшыбықтар отырғызылды. Төрткөл,Үміткер ауылындағы клуб қызметкерлері халыққа қызмет көрсетуде. Түрлі мерекелерде, әр сенбіде жастарға би кештері ұйымдастырылып тұрады. Пошта торабы әкімшілік ғимаратында орналасқан. Жұмасына үш рет кесте бойынша пошта жеткізіледі. Мерзімді баспасөзге жазылу 100% орындалды. Зейнетақы және еңбекақы уақытымен таратылады. Үміткер округі бойынша 1145 гектар егін салынды: «Манас» ШҚ (басшысы О.Рақымжанов) -100 га, «Әсем» ШҚ (басшысы Н.Жәнібеков) - 500 га, «Үміткер» ШҚ (басшысы Ж.Шәдетов) - 45 га, «Кенесары» ШҚ (басшысы Н.Жәнібеков) - 500 га.
7700 тонна шөп шабылды, оның ішінде Үміткер - 4200 тонна, Төрткөл – 2200 тонна, Үлгі - 1300 тонна. Округ аумағында «Нұрхан-Астық» ЖШС жұмыс жасайды. «Нұрлыжан» ЖШС (басшысы З.Жәнібекова) халықты облыс, аудан орталығына тасымалдайды.
2010 жылы «Бектас» ШҚ ауыл өнімдерінің сапасын арттыру үшін 320 мың тенге, «Кенасары» ШҚ көктемгі егін жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар майға 105 мың теңге субсидия алды. Үміткер селолық округі бойынша ірі қара мал - 2887 бас, жылқы малы -1791 бас, қой мен ешкі - 4349. Шаруа қожалықтарында ірі қара мал – 203 бас, жылқы -189 бас, қой мен ешкі - 1075 бас. Биыл 2900 ірі қара мал сібір жарасына егіліп, бруцеллезге тексерілді.
2010 жылы Үміткер ауылында жеке кәсіпкер Ә.Сембаева мал соятын алаң ашты. Келешекте мал басының санын және егін шаруашылығының көлемін арттыру жоспарлануда.
Төрткөл ауылының тумасы Медет Жұмекенов 2011 жылы Қарағанды-Павлодар тас жолы бойындағы Үміткер-Төрткөл ауылының аралығынан «Автокешен» салады. Ауыл тұрғыны О.Тасқұмбаев Үміткер ауылының тас жолы бойынан жанар-жағар май бекетін салуды жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта бұл азаматтар жер учаскесінің құжаттарын дайындауда. Қазақстан Республикасы бойынша ауыз сумен қамтуға 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасына сәйкес Үміткер ауылына 2012 жылы су жүйесі тартылады, 2011 жылда су құбырын жабдықтау жүргізіледі.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.