Жаңалықтар
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Бүгін аудан орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін құттықтау салтанаты өтті. Шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, мекемелер мен ұйымдар басшылары арнайы шақырылды.
Салтанатты шара барысында жас мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізілді. Жас қызметшілер еліне адал қызмет етуге сөз берді. Атап айтсақ, Р.Е.Рахимов - Центральный ауылдық округінің әкімі, Т.Ж.Ргебаев - Керней ауылдық округінің әкімі, З.С.Тусупова –«Бұқар жырау ауданы әкімі аппараты » ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Қ,К.Кәмәл – Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, Ш.С.Жуманбаев- «Бұқар жырау ауданы білім бөлімі» ММ оқу – тәрбие ісі жөніндегі сектордың бас маманы.
Жиналған қауымды аудан әкімі Нұркен Кобжанов құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілерге әрқашан жоғары талап қойылатынын айтып, сол талаптарға сай келу- әркімнің міндеті екенін жеткізді. Сонымен қатар, «Сауатты, білікті және жан- жақты болу керек. Алайда, бәрінен бұрын, адамгершілік қасиет жоғары тұруы тиіс»,- деп атап айтты.
Сондай- ақ, Нұркен Кобжанов ең үздік мамандарды Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал аудан әкімінің алғыс хаттары осы саланың құрметті ардагерлеріне табысталды.
Айта кету керек, мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өткізілген спорттық жарыстың қорытындысы да бүгін шығарылды. Жеңімпаздарды аудан басшысының грамотасымен және қаржылай сыйлықпен марапаттады.
Салтанатты бөлімнен соң көрермендер назарына Қарағанды қаласынан келген Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік ұжымы дайындаған мерекелік бағдарлама ұсынылды.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы