100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ТАБИҒИ ӨРТТЕРДІҢ АЛДЫН АЛУҒА БОЛАДЫ!

Ауыл тұрғындарына егін егу науқаны келіп, техниканы дайындайтын кез келді. Ауданның жеке тұлғалары мен шаруа қожалық басшылары егін егу үшін көп уақыт техниканы пайдаланады.

Осыған байланысты, Бұқар жырау ауданы ТЖ бөлімі  табиғи өрттерден сақтану үшін, шаруа қожалықтардың басшылары мен жеке тұлғаларды және автотракторлардың жүргізушілерін егін егу кезінде от шашу құралдарына мән беруді, жанар, жағармайлардың төгілуін болдырмау, өрттің алғашқы даму кезеңін жою мақсатында техниканы өрт сөндіру құралдарымен (шартылдықтар, күрек, өрт сөндіргіш) қамтамасыз етуді сұрайды. 

Жорық жағдайында мұнай өнімдерін сақтау және құю арнайы алаңдарда, құрғақ шөптерден, жанатын қоқыстан тазартылған ені 4 метрден кем емес жыртылған жерден немесе 100 метр тоқтан алшақ жерде, мая шөп пен саламнан, егін алқабынан және құрылыстардан 50 метр қашықтықтағы алшақ жерде жүзеге асыру қажет. 

Егін алқаптарын дайындау кезінде жол берілмеуі тиіс: 

·                      капотсыз немесе ашық капоттарымен таркторлардың, өзі жүретін шассилардың, автокөліктердің жұмыс істеуіне ;

·                      радиаторлар мен қозғалтқыштардың шаң-тозаңын күйдіру үшін дәнекерлейтін шамды пайдалануға;

·                      автокөліктер мен тракторларға жанар жағармайды жорық жағдайында түнгі уақытта құюға.

Дала және егін алқаптары Бұқар-Жырау ауданының бір талай жерін алып жатыр. Өкінішке орай әр түрлі шөптер, дәнді өсімдіктер, тал-шіліктер, қамыстар әсіресе құрғақ ауа-райында, кішігірім жану көздерінен тез жанады. 

Ең қауіпті кезең - егіннің өсіп- өніп келе жатқан уақыты  және оны жинау кезі болып табылады. Өрт дала және егіндік алқаптарда әсіресе желді құрғақ ауа-райында тез таралады, биік егіндіктер мен шөптерді жалынның шалуы минутына 500-600 метр. Осындай өрттер, ереже бойынша, кеш білінеді, көп алқаптарды өрт орайды, жалынды көп қашықтыққа тіпті бөгеттер де бөгет бола алмайтын құйын пайда болады. 

Ауданның «Өрт сөндіру жоспарында» өрттермен күресуге тұрғындарды, техникаларды, сөндіру құралдарын жұмылдыру қарастырылған.  Егін алқаптарында өрттердің алдын алу және оны сөндіру бойынша негізгі іс-шаралардың бірі – жыртылмай қалған жазық. Сондықтан, елді мекендерде өртке қарсы құрылымдарды құру кезінде лайықты техникадан басқа, трактор соқасының дайындығын қамтамасыз ету қажет. 

Шаруашылық жетекшілеріне, жергілікті атқарушы органдарына, ауданның барлық тұрғындарына тағы да ескерткіміз келеді: дала мен егін алқаптарының өртенбеуі сіздердің қолдарыңызда.  Есте ұстаңыздар: өрттің шығуына себеп сөнбеген сіріңке, тұқылдар,костерлер, ақауы бар ұшқын сөндіргіштерден шыққан ұшқын. Біздің еліміздің әр бір құтқарылған шаршы метрі – диқаншының еңбегі,  мал жайылымы және біздің табиғат. 

Өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу – Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 410 бабында қарастырылған әкімшілік жауапкершлікке тартылады. 

Бұқар жырау ауданындағы өртке қарсы қауіпсіздікпен байланысты мәселелер бойынша 2-14-69 телефоны бойынша,  Ботақара кенті, Қазыбек би 61 көшесіндегі Бұқар жырау ауданы төтенше жағдайлар бөліміне  хабарласуға болады. 
 

Бұқар жырау ауданының 
ТЖБ-нің аға инженері 
азаматтық қорғау аға лейтенанты 
Малышкин В.В. 

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.