100%200%
Бұқар жырау ауданы әкімі аппаратының
ақпараттық порталы

Жаңалықтар

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Ресей қарағандылық еркекшөпке қызығушылық танытып отыр

 

Алғаш рет Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу институты (ҚӨСҒЗИ) бес тонна еркекшөпті Ресейге экспорттады. Егер тауар сатып алушыларға ұнайтын болса, жөнелтілетін өнім көлемі анағұрлым ұлғайтылатын болады.

- Біз Ресей Федерациясына сынама түрде бес тонна еркекшөп жөнелттік, - деп мәлімдеді. «ҚӨСҒЗИ» ЖШС бас директоры Дамир Қалдыбаев. - Мұндай аз көлем Ресей үшін біздің нарық таңсық болғандықтан әзірге біздің тауарға сенімсіздікпен қарауымен түсіндіріліп отыр. Егер өнімнің сапасы олардың көңілінен шығатын болса, ресейліктер анағұрлым көп көлемде - 150 тонна шөпті сатып алуға дайын.


Сонымен қатар «Карагандинская-30» бидай сұрыпын көршілес Ақмола облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілері сатып алмақшы. Биылғы жылы сынақ учаскілерінде бұл сұрып ең үлкен өнімділікті - бір гектардан 15 центнерді көрсетіп отыр. Мамандардың айтуынша құрғақ климат жағдайында бұл бидай түрі жоғары көрсеткіштерге ие болады.


Әзірге ҚӨСҒЗИ тұқымдарының негізгі тұтынушылары - жергілікті шаруалар. Мұнда тары, сұлы, арпа дәндері, бір жылдық және көпжылдық шөптер сатып алынады.

Еркекшөп - аса күтімді қажет етпейтін жер мен климатқа бейімделген көпжылдық шөптердің түрі. Ол ХХ ғасырдан бастап құнды азық шөп ретінде пайдаланады. 
 

 

фото
фото

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Сайт разработан при поддержке официального сайта Mostbet - Букмекерская контора и онлайн казино в Казахстане.