Жаңалықтар
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
| Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
|---|
Қазанның екісі күні аудан әкімі Шагурашид Қалиұлы Мамалинов Бұқар жырау ауданының Үміткер ауылында жиналыс өткізді.
Осы жиналыста ауылда су құбырларын тарту, көмірдің қымбаттығы, автобус қатынасы, дәрі-дәрмек тапшылығы, латын әліпбиіне көшу, шағын несие беру, халықты жұмыспен қамту мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Жиын жергілікті қоғамдастық мүшелері, мәслихат хатшысы Әли Асхат Сағадиұлы, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасының бірінші орынбасары Марат Қуанышұлы Нұрланов және түгелдей дерлік аудан басшыларының қатысуымен өтті.
Аудан әкімі ауыл халқын жаңа тағайындалған аудан басшыларымен таныстырып өтті.
Халыққа дайындаған баяндамаларымен «Агропромремстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жолдыбаев Сатыбалды Аманбекұлы, «Укспроект - 2006» авторлық жобасының өкілі Нем Владислав Юрьевич, құрылыс бөлімінің маманы Омаржанов Зулькафуль Амантайұлы, орталық аудандық аурухана директоры Кажикаримов Сапар Сәуменұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар маманы Жунусова Айгуль Өмірбекқызы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы Курашев Ертарғын Қанатұлы және ішкі саясат бөлімінің міндет атқарушысы Жексембаева Айгүл Мұқарамқызы жиналысқа баяндама дайындап келді.
Құрылыс бөлімінің маманы Омаржанов Зулькафуль Амантайұлы баяндамаға сәйкес жалпы, Үміткер ауылының су желілерін салу жұмыстарына Республикалық бюджеттен қаражат бөлінгендігін айта кетті.
Айта кетсек, су желілерінің ұзындығы -18, 396 км, оның ішінде: диаметрі 110 мм -14,892 км полиэтиленді құбыр, диаметрі 63 мм -0,653 км. құрайды. Ауылға жалпы саны 121 дана құдықтар, су айдауыш мұнарасы, электрмен жабдықтау желілерінде электрлік опоралар орнатылған. Бүгінгі күні мешітке, әкімшілікке, клубқа, мектепке және 48 үйге су құбыры өткізілген.
Ауыл халқы өздерін толғандырған көптеген сұрақтарды қойды: Б. Ахметов, Үміткер ауылының тұрғыны: « Су құбыры тартылды, Сіздерге үлкен рахмет, бірақ не себепті колонка жоқ? Байқадамда бар, ал бізде неге жоқ? Ауылда техника жоқ, не трактор жоқ, оны мен қалай қазып аламын?» - дейді өз сұрағында.
Сұраққа құрылыс бөлімінің маманы Омаржанов Зулькафуль Амантаевич: «Байқадамда су «Таза су» бағдарламасы бойынша тартылған, ал қазіргі мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша суды өткізген кезде көшеге су колонкаларын қою қарастырылмаған, себебі бұл бағдарламаға сәйкес дайындалған жоба бойынша су құбыры ауылдың әрбір тұрғын үйінің шекарасына дейін жеткізіледі. Сол шекарадан үйінің ішіне кіргізіп алу әр ауыл тұрғынының өзінің міндеті. Әрқайсысы тиісті қаражатын төлеп, қазып алады. Нақтысы сол» - деген жауап алды.
Ауыл тұрғыны М.Қошжанов: «Су трубасы тегін беріле ме? Неге тегін берілмейді? Біздер шөпті сатып аламыз, көмір аламыз, жалғыз зейнетақы барлығына жетпейді» - деп сұрақ қойды.
«Агропромстрой» ЖШС-нің директоры Сатыбалды Жолдыбаев: «Жоба бойынша біз суды Сіздердің шекараларыңызға дейін тегін тартып береміз. Ал шекарадан ары қарай бір метірі 2000 теңгеден тартамыз. Оны жеке үйлерге тартуға дайынбыз, трубаның құны бір метірі 200 теңге, сол 2000 теңгенің ішіне кіреді, тек сіздердің қаражаттарыңызға»- деп жауап берді.
Бұл жиналыста халықты жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар маманы Жунусова Айгуль Өмірбекқызы ауылдағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға берілетін мемлекеттік көмек туралы айтты. Жалпы мемлекеттік жәрдемақылар жөнінде мағлұмат берді. Жұмыссыз қалған ауыл адамдарын келесі жылға кәсіби оқуға шақырды.
Аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушысы Жексембаева Айгүл Мұқарамқызы өз баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақаласындағы «Туған жер», қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша жаңа әліпбиге толыққанды бой үйреткенше, кирилл әліпбиі де қолданыстан шықпайтынын атап өтті. «Бұқар Жырау ауданында «Туған жер» бағдарламасының «Жомарт жүрек» бағыты бойынша, осы Үміткер ауылының тумалары, өз туған жерлеріне өз ауылына көмектесуі керек, кез келген ауыл азаматтары, бай-қуатты тұратын азаматтар туған ауылының гүлденуіне ат салысуға бар күш-жігерін жұмсауы тиіс деп сөзін аяқтады.
Жиналған халық көптеген сұрақтарға жауаптарын алып, оның ішінде автобус қатынасы, дәрі-дәрмек тапшылығы, тұрғын үй тапшылығы, шағын несие беру мәселелерін шешу бойынша аудан басшылығынан кеңес алды.
Жиын соңында аудан әкімі Шагурашид Мамалинов 15 қазанға дейін мердігерлер өз жұмыстарын аяқтағанға дейін су құбырларын әр үйге кіргізуді тапсырды. «Келесі жылы Бұқар Жырау атамыздың 350 жылдығына орай республикалық көлемде іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, соған бір кісідей ат салысыңыздар, ұсыныстарыңыз болса айтыңыздар»-деп қорытындылады аудан әкімі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі