home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қарақұдық ауылы әкімі Дюсембекова Орымбала Николаевнаның 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

Қарақұдық ауыл аумағы 40068 га.
Ауылда 758 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 192, экономикалық белсенді халық саны - 343 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 278 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 61  адам, жұмыссыз 4 адам тіркелген.
Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 66 адам.
Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.
№2 автоапарктен «Қарағанды-Көктал» автобус қатынасы дұрыс жолға қойылған.
Клуб ғимаратын сатып алуға бюджеттік қаражат қарастырылмаған.
Бұқар жырау ауданының тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және аватомобильдер жолдары бөлімінің 2019 жылдың бюджеттік бағдарламасына ауылға кіре беріс 11 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 50 млн қаражат бөлінді.
Ауыл бойынша 56 жеке шаруа қожалықтары, 9 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда. 2019 жылдың 1 қаңтарына 1909 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 969 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 1976 бас. Жылқы саны 694 бас.  Құс саны 750 бас.           
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Егістік және жайылым алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егістік жерлерін қолданбаған 6 шаруа қожалықтарына заң жүзінде шара қолдану үшін акт толтырылды. 1 жеке шаруа қожалық басшысы жерін нотариалды түрде тапсырды. 2018 жылдың 25 желтоқсанына 27694 га егістік және жайылым жердің 23222,88 га жері электронды базаға енгізіліп, 83,9 пайызға орындалған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:
Бірінші бағыты бойынша, 2018 жылы ірі қара мал басын көбейту мақсатында «Қаржылық қолдау қоры», «Игилик»  бағдарламасы арқылы С.Құрымбаева 1 млн 800 мың тг, Қ.Макенов 3 млн тг, «Бейбарыс», «Іскер»  несиелік серіктестігі арқылы С.Толеубаев 6 млн.тг алды. Қ.Усенов жеке кәсібін ашып, 5,0 млн тг несие алды және жылқы басын өсіруді жоспарлауда, Д.Касивхан «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 34 млн теңге несие алды, яғни жаңа 6 жұмыс орнын ашу көзделуде.
Екінші бағыты бойынша қайта даярлау курсына: С.Құрымбаева, К.Макенов, С.Толеубаев, К.Усенов – тіркеліп, курсты өтті.
Ағымдағы жылдың соңына дейін «Агробизнес» бағдарламасы арқылы «Таймас» ЖШҚ басшысы Ж.Алимов 32 млн 050 мың теңге көлемінде несие алуды жоспарлауда.
Үшінші бағыты бойынша 1 арнаулы орта білімді азаматша «Жастар тәжірибесі» бойынша 3 айға жұмысқа қабылданды.
Ауыл бойынша 54 адам жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық жұмыспен 8 адам қамтылды.
Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар Көкшетау қаласына «Боровое» демалыс орнына барып, ем алып қайтты.
ҚР 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
«Сәт көмір» тау-кен АҚ көмір өндіру жұмысын атқаруда.
«Сәт көмір» тау-кен АҚ I-топтағы мүгедектерге, тыл ардагерлеріне, жалғыз басты аналарға – 3 отбасына тегін 10 тоннадан, 22 отбасына жеңілдетілген бағамен көмір берді.
«Мектепке жол» акциясы бойынша 31 балаға оқу құралдарын таратты.
Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп жасына дейінгі 30 балаға тәтті сыйлықтар таратылды. 

ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:
«Мақсат», «Жарас», «СТАС», жеке шаруа қожалық басшылары мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында мемлекет тарапынан 154 басқа 1 млн 540 мың тг субсидия алды.
«Дастан» ЖШҚ басшысы 42 млн 800 мың тг «Вектор» комбайны, 29 млн тг егін салу комплексі, 3 млн 300 тг күн батареясы алынды.
Ауыл бойынша 2018 жылы  1719 гектар бидай - былтырғы жылмен салыстырғанда  450 гектарға, 930 га арпа - былтырғы жылмен салыстырғанда 150 гектарға өсіп отыр. 300 га көпжылдық екпе шөп себілді, былтырғыдан 100 га өсіп отыр.
Ауылдың инженерлік инфрақұрылымын дамыту
Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.
«Қолма-қол бақылау» (КСН) шотында 2018 жылдың 1 қаңтарына 737 мың 400 теңге, 1 млн 090 мың теңге салықтан түскен қаражат, сәуір айында су тасқынының алдын алу мақсатында  «Қолма-қол бақылау» (КСН) шотынан 2 мотопомпа 120 мың 500 тг, 752 мың 900 тг Жұматаев, Қыздырбеков көшелерінің жолдары жөнделді, 100 мың тг ақпараттық баннерлер дайындалды, 480 мың тг, ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша, жаз айларында мал суаратын тоған тоқтатылды. Жыл соңына дейін қалған, түскен қаражатқа Амангелді орта мектебінде санузел орнату жоспарлануда.
Ғ.Мұстафин, Ж.Ташенов, А.Жұматаев, А.Қыздарбеков көшелері толық жарықтандырылып, 40 жарық нүктесі қойылған.
Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын  қардан тазарту жұмыстары атқарылып тұрды.
Су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелер қардан тазартылды.
Көктемгі, айларында тазалық маусымы болып жарияланып, жеке кәсіпкерлермен келісіп, ауыл тұрғындарының көп жылдан жиналып қалған күл-қоқыстары ақылы түрде шығарылып, санитарлық тазалық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді.
2019 жылдың 1-ші жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу 124 пайызға орындалды..
Бөлінген бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.
            ҚР 2016-2019 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
Амангелді орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 103 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 14 бала. Сабақ екі аусымда өтеді.
Бұқар жырау аудандық оқу бөлімі арқылы  37 мың 296 тг көлемінде қаражат бөлініп, мектеп жаңа оқу жылына дейін ағымдағы жөндеуден толық өтті.
149 тонна көмір бөлініп,қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді. 
3,6,8 сынп оқушыларына 1 млн 371 мың 978 тг оқулықта таратылды. Оқушылар 100 пайыз оқулықтармен қамтылған.
Мектеп бойынша негізіг проблемалар:
- от жағу қазандығын тысқа шығару
- терезе, есіктерін ауыстыру
- электр жүйесін ретке келтіру
- шатырды жөндеу
- оқу кабинеттерінің жеткіліксіздігі
            ҚР 2016-2019 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
           Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады. 2018 жылы 7 бала туды, қайтыс болғандар саны - 6 адам.
Мобильді қосымша «Дамумед» 641 адам тіркелді.
Жылжымалы флюроографиядан 180 адам өтті.
Мәдениет саласы
       Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.
Кітапханада кітап қоры 4047 кітапты құрайды, оның ішінде 2846 кітап қазақ тілінде. Жылдық оқырмандар саны – 545, жылдық кітап берілімі 6115.
      Ауылдық аға кітапханашысы аудандық, облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде.    
    Ауыл клубына Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі арқылы 1 музыкальная аппаратура, 2 домбыра берілді. 
    Жыл бойы ауылда мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрды.
«Жарқын жүзді азаматты еске аламыз» атты «Жауынгер-интернационалист» Асылбек Мұхтарұлы Жуматаевты еске алу мақсатында, Айтпай Жумагулов, Айтпай Жуматаевтың демеушілік жасауымен дәстүрлі көшеаралық футболдан турнир ұйымдастырылды.  
   Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеруде алдағы тұрған міндеттер:
- Шаруа қожалықтарының пайдаланбайтын жерлерін тапсыру жұмыстарын жалғастыру.
- Пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жұмысын жалғастыру
- Ауылда мал шаруашылығын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу
- Су құбырлары ЖШС «DMA-Logistik» сенімді басқаруға тапсырылды, су есептегіш құралдарын орнату және тариф бекіту жұмыстары жүргізілуде.
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 05 Қаңтар 2019 14:13
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 05 Қаңтар 2019 14:14
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»