Жаңалықтар
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – ҚАТЕРЛІ ҚҰБЫЛЫС
Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз - қазіргі болып жатқан экстремизм мен терроризмге қатысты жағдайлардан хабардар ете отырып, алдын-алу шараларын өткізу. Сонымен бірге мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқығын қорғау.
«Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі №648 Жарлығын басшылыққа ала, Президент тапсырмасын орындай отырып, Қушоқы кенті әкімі Қайрат Нұрмұқанұлы Құсайыновтың нұсқауымен, Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы Үрімхан Алтынгүлдің, Қушоқы кенті мешітінің бас имамы Әсет Бекболатовтың ұйымдастыруымен Қушоқы кенті орта мектебінің әлеуметтік тәрбиелеуші, ұстазы Г.Курубаева және психолог А.Жұмабекованың қатысуымен мектепте «Діни экстремизм - ғасыр дерті» және «Тәкаппарлық екі дүние кесірі» атты тақырыпта 9-11-ші сыныптар аралығында іс-шара өткізілді.
Онда бейнесуреттер көрсетіліп, логикалық тест сұрақтары қойылды.
Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы мектеп оқушыларына экстремизм мен терроризм дегеніміз не екенін түсіндіре отырып, мектеп оқушыларына көшеде бейтаныс адамдар Құран сөздері бар кітап таратса немесе шақырса бірден бой тасалау керек екенін айтып жеткізе отырып, бірден тәрбие жұмысы меңгерушісі Г.Курубаеваға және сынып жетекшілеріне, құқық қорғау органдарының қызметкеріне 102 номеріне хабардар етуін ескертті.
А.Үрімхан,
Қушоқы кенті әкімі
аппаратының бас маманы