Жаңалықтар
АҚБЕЛ АУЫЛЫНДА ӨТКЕН ЖЕҢІС КҮНІ
Әрбір көктем бізді ойша осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге 1945 жылдың 9 мамырына оралтады.
9 мамыр күні қолдарына гүл шоқтарын ұстаған, ауылымыздың үлкен кішісі барлығы танертеңнен соғыстан оралмаған боздақтарға арналған ескерткіш жаңына жинала бастады.
Ауылдық ардагерлер алқасының төрағасы Қ.Каримов ағамыз жиналған қауымды мерекемен құттықап өз лебізін білдірді. Одан соң ауыл тұрғыны Еремина Раиса Яковлевна мен Құрама ауылынан келген Торебаев Жамкен ағамыз сөз алып, ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алды.
Бір минут үнсіз еске алып, арнайы Ботақара кентінің Жыржыс қажы атындағы мешітінің бас имамы Ақошев Рүстем Мұратұлы құран бағыштады.
Концерттік бағдарлама ауыл әкімі А.Досмаков құттықтау сөзімен басталды. Тыл ардагерлерін арнайы құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етілді.
Арнайы дайындалған видеоролик пен соғыс және тыл ардагерлерінің фотосуреттерін көріп, жиналған қауым сағынышпен көздеріне жас алды.
Концерттік бағдарламадан кейін, ауылымыздың және де Құрама, Алабас ауылдарынан арнайы шақыру билеттермен шақырылған 60-қа жуық қонақтарға мешітте ас берілді.
Сөз алған тыл ардагерлері Саликов Сапарғали, Изатов Толеген осы мерекелік шараны ұйымдастырған әкімшілік және мәдениет қызметкерлеріне өз алғыстарын айтып, баталарын берді.
Біз де өз тарапымыздан осындай үлкен мерекелік шараны ұйымдастыруға ат салысқан, спонсорлық көмектерін көрсеткен барша шаруа қожалықтарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге, жеке көмек көрсеткен тұлғаларға үлкен алғысымызды білдіреміз.
«Өлі риза болмай, тірі байымайды», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дейди дана халқымыз.
Арамыздан жылдан жылға аралары сиреп бара жатқан ата- әжелерімізге әрқашан да сый құрмет жасау, біздің борышымыз.
Ендеше бізге әрдайым ақыл кеңестерін беріп отыратын үлкендеріміз, ортамызда аман есен жүре берсін дейміз.
Ақбел ауылдық округі әкімінің аппараты