Жаңалықтар
ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ ДҮБІРЛІ ДОДА
8 мамыр күні Жаңаталап ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына, Ұлы отан соғысының жеңісінің 72 жылдығына, байланысты шағын футболдан жарыс өткізілді.
Мерекелік дода басталмас бұрын ауыл әкімі Амангелдин Темур Куйкешұлы құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа келген құрамалар мен көрермендерді Қарулы Күштерінің 25жылдығына, Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесімен құттықтап, жарысқа қатысушы құрамаларға сәттілік тіледі. Жарыстың мақсаты жастарға патриоттық тәрбие мен шағын футбол ойынын кең ауқымда таныту болып табылады.
Жарысқа 8 құрама қатысты. Теміртау қаласынан 2 құрама ӨҚжҚЖК ұжымы, Алаш құрамасы, Жаңаталап ауылы жастар құрамасы,Жаңаталап ауылы құрамасы, Қызылжар ауылы құрамасы, Ростовка ауылдық округі құрамасы, Центральный ауылдық округі құрамасы, Ақтөбе ауылы құрамасы қатысты.
Шағын футболға қатысқан 8 құрама 2топқа бөлінді. Өзара кездесуден кейін әр топтан 2 үздік құрама жартылай финалға шықты.Жартылай финалға ӨҚжҚЖК ұжымы,Алаш құрамасы, Қызылжар ауылы құрамасы, Ростовка ауылдық округі құрамасы шықты.
Сонымен жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанған құрама ақтық сыңға шығып өзара бақсынасты. Атап айтсақ Теміртау қаласынан келген 2 құрама «ӨҚжҚЖК» ұжымы, «Алаш» құрамасы.Тартысқа толы кездесуде қос мықты бір-біріне есе жібермеуге тырысты. Дегенмен Теміртау қаласынан келген құрама «ӨҚжҚЖК» ұжымы бағы жанып дода жеңімпазы атанды. «Алаш» құрамасы күміс жүлдені иеленді.
Кіші финалда 3орынға талас Қызылжар ауылы құрамасы мен Ростовка ауылдық округі құрамасы кездесті. Нәтижесінде Ростовка ауылдық округі құрамасы үздік шықты.
Марапаттау салтанатында ауыл әкімі Амангелдин Темур Куйкешұлы жарысқа қатысқан құрамаларға өз алғысын білдіріп, жүлделі орын алған құрамаларды 1-орынды Теміртау қаласынан «ӨҚжҚЖК» ұжымы, 2-орынды Теміртау қаласынан «Алаш» құрамасы ,3-орынды Ростовка ауылдық округі құрамасын марапаттады. Ең үздік қақпашы болып – Риянбек Женисбек Жаңаталап жастар құрамасының қақпашысы , ең үздік қорғаушы болып – Абдурахманов Әділхан - Темііртау қаласы « ӨҚжҚЖК» ұжымы құрамының қорғаушысы, ең үздік шабуылшы болып «Алаш» құрамасының шабуылшысы – Калменов Бекбосын марапатталды.
Жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар мен мадақтамалар табысталды. Алдағы уақытта осындай жарыстар өз жалғасын таппақ.
Жаңаталап ауылы әкімінің аппараты