home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қарағанды қаласында көші-қон қызметінің орталығы ашылды.

Бүгін, Қарағанды облысының көші-қон қызметінің орталығы   шетел азаматтары үшін өз есігін ашпақшы. Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Қарағанды облысы бойынша ішкі істер департаментінің бастығы Мергенбай Жаппаров, мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сарсенов, және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тілеубай Құсайынов қатысты.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Ке АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тілеубай Құсайынов өз сөзінде «Көші-қон қызметтері орталығын ашу «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және мемқызмет көрсету мерзімін едәуір қысқартады. Өтініш  қабылдауды мемкорпорацияның жұмыскерлері көші-қон полициясы қызметкерлерімен бірлесіп, жүзеге асырады. Бұл ретте, электрондық кезек, қызметті кедергісіз көрсету, мемқызмет көрсету сапасын бағалау мүмкіндігі ретіндегі мемқызмет көрсету сияқты стандарттар қолданылады» -деді.
Бұрын шетел азаматтарына жұмысқа рұқсатнама алу үшін және құжаттарды ресімдеу үшін бірнеше күн кететін, ЖСН, салық рұқсатын алу үшін, медициналық тексеру және дактилоскопиядан  өту үшін, сақтандыру полисін ресімдеу үшін, бірнеше мекемеге бару қажет болатын. Енді  бір терезе қағидаты бойынша құжаттарды ресімдеу  шетелдіктердің небәрі бір сағаттық уақытын ғана алады.
Осы кезге дейін, көші –қон қызметінің орталығы Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Атырау, Талдықорған және Петропавловск қалаларынан ашылғанын естеріңізге саламыз.
Халыққа қызмет көрсетудің көші-қон орталығы Қарағанды қ. Кеншілер даңғылы, 5/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан. Жұмыс кестесі:  сағат таңертеңгі 09.00 бастап, кешкі 18.30 дейін, түскі үзіліссіз.   
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Бұқар жырау аудандық №2 бөлімі.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 29 Желтоқсан 2018 18:27
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 29 Желтоқсан 2018 18:29
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»