home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қажеттілігі, мақсаты мен міндеті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл Агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша
департаментінің мемлекеттік
қызметтер көрсету басқармасының
бас маманы А.Алыбекованың мақаласы

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қажеттілігі, мақсаты мен міндеті

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жанынан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі –Топ) құрылған болатын.
Топтың мақсаты – жергілікті деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша көкейкесті мәселелерді шешу, халықтың пікірін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру үшін қызмет көрсетушілерге ұсынымдарды әзірлеуде мемлекеттік органдардың, азаматтық сектор және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің күш-жігерін біріктіру болып табылады.
Топтың міндеттері – халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша атқарылып жатқан жұмыс шеңберінде азаматтық қоғамның Департаментпен кері байланысын қамтамасыз ету және де үкіметтік емес ұйымдармен, жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтасу, олармен енгізілген мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бағытталған ұсыныстарын талқылауға негізделген.
Топтың құрамы облыстық мәслихат депутаттарынан, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлік субъектілерінің
және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұрады.
Ағымдағы жылдың өткен аралығында Топтың 7 отырысы өткізілді. Отырыстарда мемлекеттік қызметтерді көрсететін объектілердің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділікті ұйымдастыру бойынша жүргізілген талдаудың қорытындысы, электронды түрде көрсетілетін қызметтерді насихаттау, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақтылы көрсетілуі және тағы басқа да қоғамдық маңызы бар сұрақтар қарастырылды.
Сондай-ақ, Топтың ұсынысы негізінде Қарағанды мемлекеттік техникалық, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық және Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеттері жанынан мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары құрылды. Алдағы уақытта облыстың басқа да жоғары оқу орындарында аталмыш мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарын құру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Топ отырысында Департаментпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету саласында жүргізілген тексеріс
іс-шараларының қорытындысы және аталмыш салада жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларының есептері тыңдалды, сәйкесінше Топ мүшелерімен тиісті ұсыныстар енгізіліп, басшылық қатарынан 8 лауазымдық тұлғалар әр-түрлі тәртіптік шараларға тартылды.
Бүгінде Топтың отырыстарын өңірлерде өткізу мүмкіншілігі шектеулі болуына байланысты соңғы 2 отырыс видеоконференц-байланысы арқылы Қарағанды облысының барлық өңірлерінің қатысуымен өткізілді. Аталмыш тәжірибе болашақта жалғасын таппақ.
Топ мүшелерімен жыл басынан өткізілген 7 отырыстарда 23 сұрақ талқыланып, 57 ұсыныстар енгізілді. Бүгінгі таңда оның 52 орындалып, орындау мерзімінің бар болуына байланысты 5 ұсыныс орындалу үстінде. Бұл мәселе Департаменттің қатаң бақылауында.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек делінген.
Өз кезегінде Топ аталмыш тапсырманы жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет берушілердің атқаратын жұмыстарына баға бере отырып, орындалысын үнемі назарда ұстайтын болады.
Топ алдында келе жатқан жылға қойылған міндеттер көп. Мысалға, қызмет берушілер тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жеңілдету әрі оңтайландыру, негізсіз рәсімдер мен әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік көрсетілетін орындарда қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау, өзіне-өзі қызмет көрсету саясатын насихаттау сияқты атқарылатын жұмыстарына баға беру, қадағалау. Бұл орайда, Топтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының артуына қосатын үлесі зор екенін атап өту қажет.
Қызметтерді сапалы әрі уақтылы алу мүмкіндігінің болуы бұл заман талабы, ал оны заман талабына сай бере алу бұл қызмет берушінің міндеті екенін олар түсінуі тиіс.


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 19 Қаңтар 2018 08:19
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 19 Қаңтар 2018 08:19
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»