Жүкенова Раушан Серикбаевна Қарағанды қаласында 1961 жылы 19 ақпанда дүниеге келді. 1969 - 1980 жылдары Қарағанды қаласының орта мектебінде білім алды.
              1981-1986 жылдары Қарағанды Кооперативтік Институтында «Бухгалтерлік есеп және аудит», экономист маманындығына оқыды. Оқудан кейін, «Карагандажилстройда»  төтенше қызметте диспетчер болып жұмыс атқарады.
              Әр жылдары Г.Мустафина ауылында №3 бөлімшеде таразылаушы; Тельман ауданы, Тасауыл №3 бөлімшеде №38 дүкенде сатушы, Березняки ауылындағы «Қазпочта» бөлімшесінде жұмыс атқарған, сондай-ақ, «Березняки ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-де есепші болып қызмет етті.
              2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қызылқайың ауылдық округіің әкімі.
              «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Тұрмыс құрған, отбасында екі бала тәрбиелеуде.