100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Бұқар жырау ауданының әкімдігі 2013 ж. «12» қыркүйектегі
№33/08  қаулысымен  
БЕКІТІЛГЕН    

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы
Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы 
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай- Мемлекеттік мекемесі) аудан әкімдігінің  және әкімінің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
2.Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.Мемлекеттік мекемесі  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4.Мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5.Мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6.Мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекемесі басшысының өкімдерімен және шешімдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да  актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7.Мемлекеттік мекемесі  құрылымы   мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100422, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылы, Ленинградская көшесі, 30. 
9. Мемлекеттік органның толық атауы -  «Қарағанды  облысы Бұқар жырау ауданы Үштөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.
11.Мемлекеттік мекемесі  қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12.Мемлекеттік мекемесі  кәсіпкерлік субъектілерімен   мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер   мемлекеттік мекемесі  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.Мемлекеттік мекемесі  миссиясы: ауыл әкімінің  және аппаратының  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.
14. Мақсаттары:
1) ауыл әкімінің  және аппаратының  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық деңгейін  арттыру; 
2) мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын   бағалау және  көтерме ақы төлеу механизмдерін жетілдіру;
3) қызметкерлерді  жаңа компьютерлермен және  қажет техникалармен  жабдықтау;
4) кіріс және шығыс құжаттамаларын  даму  механизімін жетілдіру;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалардың және  құқықтық түсіндіру  шараларының  сапасын  арттыру;
6) мемлекеттік қызмет көрсетудің  нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
15. Функциялары:
1) ауыл әкімінің  және әкім аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  38 бабының 1 тармағы, 1 баптың 2 тармақшасы);
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
        3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
       4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
       4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
    
     5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
     6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
     7) аудандық маңызы бар  ауылдың  коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар  ауылдарда автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
    9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
     10)әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
     11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
   12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
     12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
    12-5)мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
     12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
       13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;     14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
       15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
           16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
        17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
         18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
     19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
      21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
      22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
            23) әлеуметтік экномикалық  саясатты қалыптастыруға, және оның ішінде гендерлік  және отбасы- демографиялық саясатты іске асыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалармен
     24) Қарағанды облысы Бұқар-жырау ауданы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомствалармен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді 
      25) ауыл әкімі   қызметінің құжаттамалық қамтамасыз   етілуін,   қызметтік   құжаттардың,   хаттардың   азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардан келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат айналымы, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізудің icкe асырылуын ұйымдастырады 
       26) ауыл әкімі және  әкім аппараты құқық қорғау органдарымен және
сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді  
       27) ауыл әкімі  және  әкім аппараты норма шығармашылығы қызметінің  механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды 
        28)мемлекеттік мекеме тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринариялық-санитарлық қаупсіздік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізеді
        29) Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес өзге де  функцияларды  жүзеге асыру 
        30) Ауыл әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
      31) Ауыл әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
      32) Ауыл  әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi. 

            16. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) ауыл әкімі және әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар сұрастыру және алу;
2) мемлекеттік мекемесінің  қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
3) мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді шешу, аудан әкімінің  және орынбасарларының тапсырмалары бойынша  жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік органдардың апқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.
Міндеттері:
1) ауыл әкімдігінің  және әкімінің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзге асыру; 
2) мемлекеттік қызмет  көрсету сапасына  бағалау  жүргізу  үшін  ақпараттандыру  саласындағы  уәкілетті  орган  мемлекетттік  қызмет көрсету  спасына  бағалау  және мемлекеттік  қызмет көрсету  сапасына  бақылау жасау  жөніндегі  уәкілетті  органға  тиісті  ақпаратты  ұсыну;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Мемлекеттік мекемесі  басшылықты    мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (селосы әкімі) жүзеге асырады.
18.Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының Президентімен анықталған тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады.  
19. Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының  өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
4)  жеке табыс көздерін қалыптастырады;
5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
6) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңнамасын, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасында жергілікті басқарудың дамуының  тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және ҚР Бюджет Кодексінің орындалуын қамтамасыз етеді.

7) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы  заңнамасының  орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
8) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде жұмысын үйлестіреді;
Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның  өкілеттігін  орындау  қолданыстағы заңға сәйкес  оның міндетін  тұлғамен іске асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
20.  Мемлекеттік мекемесі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
  Мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,   мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.  Мемлекеттік органның  жұмыс  тәртібі
     23.Мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының  заңнамаларымен регламенттенеді.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Мемлекеттік мекемесі  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Үштөбе ауылдық округі әкімі
Е.Ж.Саргизов


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Тәттімбет атындағы оркестр 26 қыркүйек күні жаңа концерттік маусымын ашады 13 Қыркүйек 12:19
Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде 13 Қыркүйек 11:50
Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды 13 Қыркүйек 10:57
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»