home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ЕРЕЖЕ

Бұқар жырау ауданының
әкімдігі ___________________ 
қаулысымен  
БЕКІТІЛГЕН    


«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы
Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі  туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Мемлекеттік мекеме) әкімнің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады
2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік мекеме  ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Мемлекеттік мекеме азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Мемлекеттік мекемесі  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының өкімдерімен және шешімдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да  актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік мекеменің  құрылымы   мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:  100432, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Баймырза ауылдық округі, Баймырза ауылы Фабричная көшесі, 3.
9. Мемлекеттік органның толық атауы -  «Қарағанды  облысы Бұқар жырау ауданы Баймырза ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің  құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік мекеменің  қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік мекеме  кәсіпкерлік субъектілерімен  мемлекеттік мекеме функциялары болып табылатын міндеттер тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекеме  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: ауылдық округ әкімінің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.
14. Мақсаттары:
1) Ауылдық округ әкімінің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық деңгейін  арттыру;
2) мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын   бағалау және  көтерме ақы төлеу механизмдерін жетілдіру;
3) қызметкерлерді  жаңа компьютерлермен және  қажет техникалармен  жабдықтау;
4) кіріс және шығыс құжаттамаларын  даму  механизімін жетілдіру;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалардың және  құқықтық түсіндіру  шараларының  сапасын  арттыру;
6) мемлекеттік қызмет көрсетудің  нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.
15. Функциялары:
1) Ауылдық округ әкімінің  және әкім аппаратының ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  38 бабының 1 тарауының, 1 тармағының 2 тармақшасы);
2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
        3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
      4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;
      4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
      5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
      6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
      7) Ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;
      8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;
      9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
     10) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;
      11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызбасты  қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;
      12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
      12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;
      12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;
      12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;
      12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
      12-8) ауылдың денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
      13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;
      14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;
      14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;
      15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
      16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
      17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;
      18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
      19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;
      20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
       21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
        22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді.
        23) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомствалармен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
24) Ауылдық округ әкімі және оның орынбасарының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз   етілуін,   қызметтік   құжаттардың,   хаттардың   азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардан келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат айналымы, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізудің icкe асырылуын ұйымдастырады;
25) Ауылдық округ әкімі және  әкім аппараты құқық қорғау органдарымен және сот жүйесі органдарымен селолық округте заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді;
26) Ауылдық округ әкімі  және  әкім аппараты норма шығармашылық қызметінің  механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;
27) Мемлекеттік мекеме тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде іс – шаралар өткізеді;
28) Әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады, соның ішінде гедерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асырады;
29) Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес өзге де  функцияларды  жүзеге асыру.
30) Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу, сондай-ақ ауылдық жерде оқушыларды мектепке дейін және кейін қарай тегін жеткізіп салуды ұйымдастыру да жатады.
     31) Ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.
     32) Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.
16. Құқықтары мен міндеттері:
Құқықтары:
1) Ауылдық округ әкімі және әкім аппараты құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан, жауапты тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірулерді қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар сұратуы және алу;
2) Мемлекеттік мекемесінің  қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
3) Мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге байланысты аудан әкімінің  және орынбасарларының тапсырмалары бойынша  жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік органдардың қызметкерлерін аудан әкімдігінің отырыстарында мәселелер көтеруге жұмылдыру.
Міндеттері:
1) Ауылдық округ әкімдігінің  және әкімінің  ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзге асыру;
2) мемлекеттік қызмет  көрсету сапасына  бағалау  жүргізу  үшін  ақпараттандыру  саласындағы  уәкілетті  орган  мемлекетттік  қызмет көрсету  спасына  бағалау  және мемлекеттік  қызмет көрсету  сапасына  бақылау жасау  жөніндегі  уәкілетті  органға  тиісті  ақпаратты  ұсыну;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (ауылдық округ әкімі) жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады, өзінің өкілеттілігін тоқтатады  және қызметінен босатылады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының  өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
4) жеке табыс көздерін қалыптастырады;
5) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
6) Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңнамасын, «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексін, «Қазақстан Республикасында жергілікті басқарудың дамуының  тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және ҚР Бюджет Кодексінің орындалуын қамтамасыз етеді.
7) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы  заңнамасының  орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
8) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде жұмысын үйлестіреді;
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде  оның  өкілеттігін  орындау  қолданыстағы заңға сәйкес  тұлғамен іске асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мемлекеттік мекеме  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.  Мемлекеттік органның  жұмыс  тәртібі
23.  Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі  Қазақстан Республикасының  заңнамаларымен белгіленеді.

6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24.  Мемлекеттік мекемені  қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Баймырза ауылдық округі әкімінің м.а.
Буламбаев М.Ш.
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»