home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметі

Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменттері.
Бұл мемлекеттік қызметті ҚР Инвестициялар және даму  министрлігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  www.e.gov.kz «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) орталыққа немесе порталға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензия беру және қайта ресімдеу үшін он бес жұмыс күнін, лицензияның телнұсқасын беру үшін екі жұмыс күнін құрайды (өтініш пен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
      2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 минуттан аспайды;
      3) жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.                                                                                              4) Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      5) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу және лицензияның телнұсқасын беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны алуға, қайта ресімдеуге және лицензияның телнұсқасын қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен және мөрмен куәландырылады.
      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
      8. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы мынадай құжаттардың тізбесін ұсынады:
      1) лицензия алған кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған) және өтініш беруші – заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтама;
      жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
      дара кәсіпкер үшін – өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      өтініш берушіні салық органында есепке қою туралы куәліктің көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда, нотариалды куәландырылған);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      шетелдік тұлға өтініш берген жағдайда, І немесе ІІ санаттағы лицензия алу қажет болғанда, лицензияның немесе шет мемлекеттің шетелдік тұлғалар үшін құрылыс-монтаж жұмыстарына тиісті растамасы бар тиісті рұқсат беру құжатының көшірмесі;
      2) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген кезде, заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде, заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      3) санат берілуіне байланысты лицензияны қайта ресімдеген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 5 және 6-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны;
      4) лицензияның телнұсқасын берген кезде орталыққа:
      заңды және жеке тұлға үшін осы стандартқа 7 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат – салыстырып тексеру үшін;
      лицензияның және лицензияға қосымшаның көшірмесі (мемлекеттік ақпараттық жүйелерде лицензия туралы мәліметтер болмаған жағдайда);
      жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылған жағдайлардан басқа;
      лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді.

Бұқар жырау ауданының №1 бөлімінің
Реттеу зал жетекшісі
Кыздарбекова Г.Ж
 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»