2015 жыл 13 наурыз
Шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерімен бірге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлері сапарға шығатын болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннің және «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК бас директоры Біржан Жүнісов арасында тиісті меморандумға қол қойылды.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті – бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Солндықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-лармен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін ынтызарлықпен қолдадық.
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б.
Мобильдік ХҚКО спараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек.
Балташеваның айтуынша, 2014 жылы мобильдік ХҚКО-лар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай ішінде мобильдік ХҚКО-лар шалғай елді мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.
Шаймерденова Назгуль,
«ХҚКО» республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Қарағанды облысы бойынша Бұқар жырау
ауданындағы № 1 бөлімінің инспекторы