home Русский Қазақша Сайт картасы Кері байланыс WAP Нашар көретiндер үшін
100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер іске қосылды

Маусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетімді болды. Атап айтқанда, енді халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептілігін қабылдауға/кері қайтаруға, дара кәсіпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға,Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша кіруге шақыруларды ресімдеуге және т.б. үшін жүгінуге болады.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазіргі уақытта 9 мемлекеттік органның 35 қызметі берілді. «Әзірше осы қызметтердің стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекіткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негізде көрсетілетін болады», - деп атап өтті.
Балташева сонымен бірге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтерді ендіру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейін ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың ішінде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әділет, қаржы және қорғаныс министрліктерінің қызметтерінендіру жоспарлануда екендігін айта кетелік.
Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтер саны 212-ге жетеді. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенін, 2012 жылы – 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендігін айта кетейік.
ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай ішінде көрсетілген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның ішінде 10 миллионнан астамы - электрондық.

«ХҚКО» РМК
Қарағанды облысы бойынша  филиалының
Бұқар жырау ауданындағы                                     
№1 бөлімінің инспекторы
 Н.С. Шаймерденова
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»