100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу жөніндегі ҰСЫНЫМДАР

1. Әкімдердің  халыққа есеп берулерін өткізу жөніндегі осы ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы ұсынымдар барлық деңгейдегі әкімдердің қызметінде қолдануға арналған.
3. Әкімдердің халыққа есеп берулерін өткізуден бұрын мынадай дайындық іс-шаралары жүзеге асырылады:
        -   әкімдер алдағы күнтізбелік жылға  арналған  халыққа есеп берулерін өткізудің кестелерін жасайды және ағымдағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне келісу үшін ұсынады;
       -   сондай-ақ, Астана мен Алматы қалаларының, облыстар әкімдерінің есептеріне қатысу үшін Үкімет мүшелерінің және орталық мемлекеттік органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшыларының жергілікті жерлерге шығу кестелерін жасау үшін есептердің кестелері Үкіметке жолданады;
       -   Президент Әкімшілігімен келісілген есеп беру кездесулерін өткізу кестелері есеп беруді өткізу күніне дейін кемінде 10 күнтізбелік күннен бұрын облыстық, қалалық және аудандық баспа ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарына орналастырылады. Сондай-ақ, есепті кездесулердің кестелері қоғамдық жерлерде ілінеді;
- халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинау үшін белгіленген жерлерде ақпарат жинауға арналған арнайы жәшіктер орнатылады. Олар қойылатын орындар бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың ресми сайтында жарияланған есептермен бір мезгілде көрсетілуі тиіс. Халықтан келіп түскен ақпарат міндетті тәртіппен әкімнің есепті сөзінде жеке тарау ретінде жария етіледі;
- келіп түскен жазбаша өтініштермен жұмыс азаматтар өтініштерін қарау жөніндегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады;
-  есеп беру кездесулері неғұрлым көп халықты қамти алатын, санитарлық нормалар мен ережелерге сай келетін, қоғамдық және өртке қарсы  қауіпсіздікті қамтамасыз ететін үй-жайларда өткізілуі тиіс;
- есепті кездесулер өткізілетін жерлер мемлекеттік рәміздермен, дыбыс аппаратурасымен (қажет болған кезде), залдан келіп түсетін жазбаша өтініштерді жинауға арналған жәшіктер үшін орынмен жабдықталуы тиіс.
4. Әкімдердің халыққа есеп беруі мынадай кезеңділікпен  өткізіледі:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың әкімдері – жыл сайын бірінші тоқсан ішінде;
2) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), қалалардағы аудандар әкімдері – жарты жылда бір рет бірінші және үшінші тоқсан ішінде;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкімдері – тоқсанда бір рет тоқсанның бірінші айы ішінде.
5. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтер, сондай-ақ кенттер мен ауылдар әкімдерінің есепті кездесулеріне қаланың, ауданның әкімі, сондай-ақ қаланың, ауданның әкімі белгілейтін лауазымды тұлғалар міндетті тәртіппен қатысады.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар), қалалардағы аудандар әкімдерінің жылдың қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі бірінші тоқсанда өтетін есеп беру кездесулеріне облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері белгілейтін лауазымды тұлғалар (өңірлер әкімдерінің орынбасарлары, әкімдіктің атқарушы органдарының басшылары және т.б.) қатысады.
Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің есеп беру кездесулеріне Премьер-Министр айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, орталық атқарушы органдар, ұлттық холдингтер мен компаниялар басшылары қатысады, сондай-ақ Парламент депутаттары, орталық және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінің басшылары шақырылады.
6. Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының, сондай-ақ  аудандар, қалалар, әкімдерінің қорытынды есеп беру кездесулері халықтың барлық жіктері, жұртшылықтың, БАҚ, саяси партиялар мен қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері шақырылып өткізіледі.
  7. Әкімнің есебі дәйекті статистикалық деректер негізінде құрылып, өңірдің проблемалары, әлеуметтік-экономикалық салада қол жеткізілген нәтижелері мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шаралар туралы толық ақпаратты қамтуы тиіс.
8. Есептің құрылымы мынадай негізгі бөліктерден тұруы қажет:
       1)  алдыңғы кездесулер барысында келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша орындалған іс-шаралар туралы ақпарат;
        2)  елде жүргізіліп жатқан реформаларды іске асыру барысы, өңірдің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы, міндеттері және одан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы ақпарат; 
        3) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында және өңірге сапары кезінде берген тапсырмаларын іске асыру барысы туралы ақпарат;
        4)  мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың (өңірге қатысты мәселелер бойынша) орындалуы туралы ақпарат;
         5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде қабылданған шаралар туралы ақпарат;
         6) өңірдің бюджеті және қаржылық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат;
         7) әкімнің ағымдағы жылға және жақын перспективаға арналған іс-қимыл бағдарламасы.
9. Әкім есепті кездесу аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, жергілікті атқарушы органдар құзырына кіретін, халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді.
10. Іс-шаралар жоспарында:
1) есеп беру кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер;
2) аталған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындаудың нақты мерзімдері;
3) іс-шараның орындалуына жауапты құрылымдық бөлімше немесе лауазымды тұлға;
4) ескертпе (дәлелді себептер бойынша іс-шараларды орындау мерзімін ауыстырған жағдайда) қамтылуы тиіс.
11. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері есепті кездесу аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың құзырына кіретін, халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің тізбесін жасап, тиісті шаралар қабылдау үшін Премьер-Министр Кеңсесіне жолдайды.
Үкімет бір ай ішінде халық көтерген мәселелер мен ұсыныстарды  шешу жөнінде Іс-шаралар жоспарын әзірлеп, Президент Әкімшілігіне жолдайды.
12. Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы тоқсан сайын әкімдіктердің отырыстарында және жылына бір рет тиісті әкімдердің қатысуымен мәслихаттарда қаралады.
13. Халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу нәтижелері тоқсан сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, жергілікті атқарушы органның ресми сайтына орналастырылады, кейінгі есепте көрсетілетін болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізілетін баспасөз конференцияларында баяндалады.
14. Облыстардың, Астана мен Алматы қалалары әкімдерінің есеп беру кездесулері өткен күннен бастап бір айдан кешіктірмей, төмен тұрған әкімдердің есепті жыл ішіндегі кездесулерінің қорытындысы ескеріліп, олардың нәтижелері туралы ақпарат Президент Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданады.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
Тәттімбет атындағы оркестр 26 қыркүйек күні жаңа концерттік маусымын ашады 13 Қыркүйек 12:19
Қарағанды облысында бизнес скринингі өткізілуде 13 Қыркүйек 11:50
Балқаш қалалық сотында фронт-кеңсе ашылды 13 Қыркүйек 10:57
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»