2 наурыз 2019 жыл
2019 жылы 22 сәуірде сағат 15.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 2019 жылдың 19 сәуірі сағат17.00-ге дейін, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бухар-Жырау к-сі 56 (1 қабат, 1 бөлме) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.
Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:
Жер учаскесінің № |
Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитет) |
Алаңы, |
Жалдау мерзімі, жыл |
Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі) |
Су |
Аймақтың шаруашылығы мамандандыру |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
Талшынды, жайылымдар – 369,9400 га, жол – 0,0600 га, балл бонитет – 11. |
370,0 |
10 |
Ақбель а/о, 09-140-002-191, |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
2 |
Талшынды, жайылымдар - 77,0 га, с.і ТЖ жайылым - 34,0 га, жол-1,2 га, қазылған жерлер-1,8 га балл бонитет – 20. |
80,0 |
10 |
Ауылдың әкімшілік бағынысындағы жерлер |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
3 |
Талшынды, жайылымдар - 685,0 га, с.і ТЖ жайылым – 37,5 га, жол астында -3,5 га, балл бонитет – 13. |
688,5 |
10 |
Қызылқайын а/о, 09-140-101-188 |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
4 |
Талшынды егістік, суармалы – 33,5 га, жайылым – 345,66 га, шабындық- 38,80 га, бұталар-0,14 га, далалық жолдар-0,9000 га балл бонитет – 16. |
419,0 |
10 |
Шешенқара а/о, 09-140-016-095, |
Қамтамасыз етілмеген |
мал шаруашылығы |
Конкурсты ұсыныста:
Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бухар-Жырау к-сі 56 (1 қабат, 1 бөлме) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар. Байланыс телефондары: 8(72154) 53618, 21832, электронды мекенжайы .