100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА (30.03.2019)

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАМА
30 наурыз 2019 жыл
2019 жылы 23 мамырда сағат 15.00-де, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Казыбек би 52 мекенжайы бойынша орналасқан Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентінің  МҮ ғимаратында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін (жалға) уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру бойынша конкурс өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;
2) конкурстық ұсыныс;
3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімді тіркеу және қабылдау 2019 жылдың 29 сәуірінен бастап 2019 жылдың 22 мамырда сағат17.00-ге дейін,  Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Бухар-Жырау к-сі 56 (1 қабат, 1 бөлме) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-де жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінім, өтінімдерді беру мерзімі аяқталғанша, қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беріледі.
Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
4) конкурстық ұсыныс;
5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіпте тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен (шетелдік заңды тұлғалардан, сондай-ақ жарғылық капиталында шетелдіктердің,шетелдік заңды тұлғалардың, азаматтағы жоқ тұлғалардың үлесі елу пайыздан астамынқұрайтын заңды тұлғалардан басқа) Қазақстан Республикасының азаматтары ақпараттық хабармен орнатылған мерзімінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім рәсімделген жіберіледі.

 

 

Келесі жер учаскелері конкурсқа шығарылады, төменде көрсетілген кестеге сәйкес:


Жер учаскесінің №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі және құрамы, балл бонитет)

Алаңы,
 га

Жалдау мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері, учаскенің кадастырлық нөмірі)

Су
қамтамасыз
ету

 Аймақтың  шаруашылығы мамандандыру

1

2

3

4

5

6

7

1

Талшынды, жайылымдар  – 671 га, с.і ТЖ жайылым – 75,0 га, жол астында – 0,2236 га, су астында (өзен) -1,2000 га. Балл бонитет – 14.

672,4236

10

Ақбель а/о, Қад. № 09-140-002-196

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

2

Талшынды, жайылымдар - 581,0 га, с.і шабындык - 93,0 га, жол астында -1,0 га, су астында (жылғалар)-1,0 га, ашық тау жынастары-200,0 га балл бонитет – 19.

876,0

10

Бухар-Жырау а/о, Қад. №  09-140-008-150

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

3

Талшынды, егістік-19,0 га, жайылымдар - 131,0 га, с.і ТЖ жайылым  – 55,0 га. Балл бонитет – 16.

150,0

10

Бухар-Жырау а/о, Қад. №  09-140-008-143

 Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

4

Талшынды жайылым – 1069,5 га, жол астында – 3,49 га. Балл бонитет – 13.

1072,99

10

Ауылдың әкімшілік бағынысындағы жерлер Қарақұдық Қад. № 09-140-035-158

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

5

Талшынды жайылым – 235,0 га, с.і ТЖ жайылым -44,0 га,  жол астында – 0,5 га, су астында (жылғалар)-0,2 га. Балл бонитет – 13.

235,7

10

Үміткер а/о Қад.      № 09-140-004-232

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

6

Талшынды егістік-93,0 га, шабындық-9,0 га, жайылым – 444,0 га, с.і ТЖ жайылым -32,5 га, жол астында – 2,0 га, су астында (өэен)-3,0 га, қызылған орындар-30 га. Балл бонитет – 18.

581,0

10

Үміткер а/о Қад.     № 09-140-004-241

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

7

Талшынды жайылым – 1507,5 га, с.і ТЖ жайылым -257,5 га, жол астында – 0,7 га, су астында (жылғалар)-0,3 га, қызылған орындар-1,5 га. Балл бонитет – 11.

1510

10

Үміткер а/о Қад№ 09-140-004-239

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

8

Талшынды жайылым – 530,6 га, с.і ТЖ жайылым -515,4 га, жол астында – 1,4 га. Балл бонитет – 23.

532,0

10

Үштөбе а/о Қад. №09-140-033-134

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

9

Талшынды егістік-98,0 га, жайылым – 186,6 га, с.і ТЖ жайылым -182,0 га, жол астында – 0,3748 га. Балл бонитет – 23.

284,9748

10

Үштөбе а/о Қад. №09-140-033-135

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

10

Талшынды егістік-35,0 га, жайылым – 480 га, с.і ТЖ жайылым -30 га, жол астында – 5,0 га, су астында (өэен)-10,0 га,бұталар -10,0 га. Балл бонитет – 15.

600,0

10

Ақбель а/о, Қад. № 09-140-002-196

Қамтамасыз етілмеген

мал шаруашылығы

       Конкурсты ұсыныста: 

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылық ішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфра құрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. 

        Конкурстық ұсынысты, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін - қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін - бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.
Өтінімде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосып жазулар болмауы тиіс.
Конкурстық  ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс" және " жылғы __________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақты күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Қосымша ақпаратты, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы,  Ботақара кенті, Бухар-Жырау к-сі 56 (1 қабат, 1 бөлме) мекенжайында орналасқан, «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» Мемлекеттік мекемесінен ала аласыздар.   Байланыс телефондары: 8(72154) 53618, 21832, электронды  мекенжайы .


Ақпаратты орналастыру уақыты: 10 Сәуір 2019 10:25
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 10 Сәуір 2019 10:33
Қарағандыда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін берілетін облыс әкімінің сыйлығы табысталды 05 Қыркүйек 20:40
Қарағанды жастары Алтын Орда ескерткіштерін аралайтын экспедицияға аттанады 05 Қыркүйек 18:34
Қарағандылық бокс жаттықтырушысы Шешенстан марапатына ие болды 05 Қыркүйек 17:20
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»