100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Кабильдин Абугаппас Кенжебаевич

Абуғаппас Кенжебайұлы Қабылдин

1932 жылы 28 ақпанда Целиноград облысы Астрахан ауданында дүниеге келген.

Ақмола педагогика училищесін және Қарағанды мұғалімдік институтының, Алматыдағы Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген.

1949 жылдан 1953 жылға дейін Ақмола облыстық Шалқар совхозында бастаушы мектебінде мұғалімдік қызмет атқарды. 1950 жылы Қарағанды облысы Қырықыншы станцасындағы орта мектептің директоры болып тағайындалады.

1956-1994 жылдары Қарағанды облысы Тельман ауданның Нұра станцасының № 138 орта мектебінің мектеп директоры болды.

1994 жылдан 2001 жылға дейін Нұра станцасындығы № 138 мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып қызмет жасады.

Көп жылды ағарту саласындағы еңбегі үшін «СССР ағарту үздігі», «Қазақ ССР ағарту үздігі» медалімен және «СССР – құрметті теміржол» белгісімен марапатталған.

Қазіргі уақытта – зейнеткер, Бұқар-Жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кентінде тұрады.

«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Абуғаппас Кенжебайұлы Қабылдин Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2002 жылдың 7 қарашасындағы XXII сессиясының шешімімен берілді.


Размещение информации: 23 Октября 2018 13:37
Последнее редактирование информации: 23 Октября 2015 13:37
Скрининг бизнеса проводят в Карагандинской области 13 Сентября 11:37
Фронт-офис открыли в суде Балхаша 13 Сентября 11:06
В Караганде строится новый Дворец школьников 12 Сентября 16:04
© 2021 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»