Қабыкеш Жарылғасынұлы Нұрпейісов
9 мамыр 1932 жылы қазіргі Алабас ауылы Бұқар-Жырау ауданы Қарағанды облысында шаруа отбасында дүниеге келген.
1950 жылы Қарағанды қаласындағы № 7 Жамбыл атындағы орта мектебін тәмәндағаннан кейін, сол жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтына түсіп, оны 1956 жылы бітіріп шығады.
Дәрігерлік мамандық алып, Ульянов аудандық орталық ауруханасына дәрігер болып орналасады. 1958-1963 жылдары Ульянов ауданының орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары және сонымен қатар хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметін қоса атқарды.
1963-1973 жылдары Ульянов ауданның орталық ауруханасының бас дәрігері болып,
1973-1986 жылдары Қарағанды қаласының облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
1986-1997 жылдары облыстық медициналық әлеуметтік сараптау комиссиясының бастығы қызметінде болады, қазіргі уақытта хирургиялық-сараптау дәрігері міндетін атқарады. Бірнеше рет аудандық Советтің депутаттығына сайланды. 1968 жылы ҚССР-ның «Денсаулық сақтаудың үздігі» атағы берілді. 1970 жылы үздік еңбегі үшін Лениннің туғанына «100 жыл толғанына»арналған мерекелі медалімен марапатталды.
Денсаулық саласындағы көп жылғы еңбегін ескере отырып, 1971 жылы «Октябрь революциясы» орденімен марапатталды.
1996 жылы хирургиядан жоғарғы аттестациялық категория берілді. Қабыкеш Жарылғасынұлы Нұрпейісов Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2002 жылдың 7 қарашасындағы XXII сессиясының шешімімен берілді.