Байтұяқ Абдыкейұлы Рахимжанов
1926 жылдың 1 қаңтарында Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Ростов селосы Қызыл жар ауылында дүниеге келген.
Мектеп бітірмей Ростов ауылының МТС-на жұмысқа тұрды.
1943 жылы әскерге шақырылды. Әскерден келгеннен кейін қайта МТС-қа жұмыскер болып жіберілді. Сол жылы трактордың даярлық курсына түсіп, оны бітіргеннен кейін XXX жылғы атындағы совхозында жұмыс істеген.
1944-1945 ж.ж. шопырлақ оқуға барған.
1948 жылы училище бітіріп, МТС-қа шопыр болып тұрған.
1986 жылы зейнеткерлікке шыққан.
Ленин, Қазан революциясы орденімен, «Соғыс ардагері», 1973 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілерімен, «Еңбек ардагері», мерекелік медальдарымен марапатталған.
Қазіргі уақытта Бұқар-Жырау ауданы Ростовка селосында тұрады.
«Бұқар-Жырау ауданының Құрметті азаматы» жоғарғы атағы Байтұяқ Абдыкейұлы Рахимжановқа Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаттың 2006 жылдың 9 қазанындағы XXXI сессиясының шешімімен берілді.