100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ СЕЛА АКОРЕ ЗА 9 МЕСЯЦЕВ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ ПО ПОВЫШЕНИЮ БЛАГОСОСТОЯНИЯ ЛЮДЕЙ И ДОХОДОВ НАСЕЛЕНИЯ АКИМА МАГАУЯНОВА А.С.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

         «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж» және « Бизнестің жол картасы – 2020» Үкіметтің бағдарламалары аясында: Бұқар жырау ауданы Ақөре ауыл әкімі аппаратының жанында әлеуметтік көмек алатын, табысы аз немесе отбасылық жағдайы төмен адамдарды анықтайтын арнайы комиссия құрылған, осының негізінде 2019 жылға 5 отбасын анықтап, қазіргі уақытта мемлекеттік көмек берілуде.  Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының, бірінші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік біліммен қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету негізінде төмен отбасынан  Сарсекеева Лейла Темір жол колледжіне оқуға жіберілсе, әкімшілік пен клуб отжағушылары кадрларды қайта даярлау курсы бойынша 4 адам оқудан өтті. Екінші бағыты бойынша   Сарсекеева Сания,  «Бастау Бизнес» жобасы негізінде кәсіпкерлік негіздерін оқу курсын бітіріп, құжаттарын несие алуға әзірленіп жатыр, Нагуметов Мырза және Тойшыманов Мақсат қазіргі уақытта оқу курсының тізіміне ілікті. Сонымен қатар «Мұрагер» шаруа қожалығы мал басын көбейтуге 3 млн. тенге несие алып, 2 отбасын жұмыспен қамтыды. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту негізінде, жұмыссыз тіркеуде тұрған бір адам қоғамдық жұмысқа тартылса, «Шатан» шаруа қожалығы 3 адамды әлеуметтік жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар жастар практикасы бойынша Бұқар жырау ауданы Ақөре ауыл әкімінің аппаратына бухгалтер көмекшісі ретінде Ескеева Раушангүль Айташевна практикасын өтеп жатыр. «Төреш», «Ануар», «Алихан» шаруа қожалықтары мен Бұқар жырау ауданы апробация қызметі және ауыл әкімдігі арасында сотталғандарды жұмысқа тұрғызу бойынша мемарандумдарға қолдары қойылып, қазіргі уақытта 3 адам жұмысқа алынды. Бұқар жырау ауданы әкімдігінің қаулысы бойынша «Шатан» шаруа қожалығына аса ауыр жазаны өтеп келгендерді жұмысқа тұрғызу негізінде бөлінген квота бойынша 1 адам жұмысқа тұрғызылды. 2019 жылға жаңа жұмыс орындарын ашу негізінде уақытша қызметке 15 адам тұрғызылса, тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген адамдар саны - 22.  Ақөре ауылында жалғыз басты қарттар саны 7. 2019 жылдың тамыз айында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жалғыз басты қарттарға үйінде қызмет көрсету үшін, әлеуметтік қызметкер беруіне хат жолданған болатын. Осының негізінде қызметкерді заңдастыру үшін арнайы құжаттар жиналып, аталған қарттарды медициналық қарудан өткізу жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Қарттарымызға қыс мезгіліне дайындық ретінде әзірлену үшін, орманшылар мен шаруа қожалықтары арзандатылған ағаш пен көмір ұйымдастырады. ҚР Премьер – Министрінің орынбасары  Ж.М.Қасымбектің а.ж 25 шілдедегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, а.ж. 12 тамызынан бастап бекітілген әдіснамаға сәйкес кәсіпкерлер мен үй шаруашылықтарына сауалнама жүргізу жұмыстары бойынша 110 үй шауашылықтары мен 33 жеке кәсіпкерлер ден сауалнама алынды. Азаматтар мен азаматшалардың үйлерімен жерлеріне салық төлеу бойынша 80 отбасына түбіртектер таратылды.

Ауыл шаруашылығын дамыту

«2017-2021 жж АӨК дамыту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақөре селосында 30 шаруа қожалығы, 1 ЖШС «Агро Система» қызмет атқарады. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтарында ірі қара мал саны – 2116, қойлар – 921 ,  ешкілер-67, жылқылар саны -779.  Жеке қосалқы шаруашылығында  ірі қара мал – 912, қойлар – 335, жылқылар – 303.  Шаруа қожалықтарымен көктемгі егін егу жұмыстары бойынша  бидай – 4080 га, арпа – 4704 га, көп жылдық шөп – 919 га құрайды. Сонымен қатар шаруа қожалықтарында ірі қара малдарды асылдандыру бойынша сатып алынған 8 бұқаны құраса,  «Марат» ШҚ жалға алынған бұқалардың саныда – 13. Көрсетілген 21 шаруа қожалықтарының малды асылдандыру үшін алынатын субсидиялар үшін құжаттары толығымен әзір.  Мал сою алаңына тапсырылған мал саны. 2019 жылга жаңадан алған техникалар комбайн Сары –Адыр, Жанат ШҚ косилка, Ануар, Жасқанат, Жосалы ШҚ сұрыптауыш. Шатан трактор беларус, сұрыптауыш (пресс подборшик). ҚР жер Кодексінің 169 бабына сәйкес, нысаналы мақсатта пайдаланбай жатқан жерлерді анықтау немесе сәйкестендіру туралы актілер бойынша өткен жылымызда «Қайрат», «Ануар», «Айдар» шаруа қожалықтары әкімшілік жазаға тартылып, «Қайрат», «Айдар» ШҚ 40 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыпұл салынса, «Ануар» шаруа қожалығының жерді игеру және ұтымды пайдалану бойынша құжаттары болуына байланысты жазбаша хаттама ретінде ескерту жасалды.  2019 жылдың егін егіу науқаны кезінде «Қайрат» шаруа қожалығы 600 га арпа ексе, «Ануар» шаруа қожалығы 80 га бидай екті. «Айдар» шаруа қожалығының иесі Кулжамбеков А. қайтыс болуына байланысты қазіргі уақытта нотариуспен мұрағаттык іс ашылды.

Ақөре ауылы бойынша 2017-2019 жылдарға егін егу алқаптарының салыстырмалы кестесі

 

2017

2018

2019

1

Бидай

4440

4236

4050

2

Арпа

1385

2985

4544

3

Сұлұ

100

300

350

БАРЛЫҒЫ

5925

7521

8944

      Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес, 2019 жылға  егін егу көлемдері 1423 га артты, оның ішінде  егу алқаптарының көлемдері арттқан шаруа қожалықтарына тоқталып өтсек,  Нияз-10 га, Дидар-88 га, Айдар-165 га, Тореш-358 га, Тлеген-18 га, Мурагер-80 га, Бекзат-70 га, Арман-60 га, Есенжол-46 га,   Ануар-40 га, Диана-10 га, Алишер-30 га, Агросистема-459 га, Ануар-20га, Ибрагим-50га, Жосалы-400 га, Мади-200 га, Арыстан-158 га. Ветеринариялық көктемгі сауықтыру жұмыстары толығымен жүргізілді. Ауыл әкімдігінде аппараттық және комиссиялық кеңестер өткізіліп, аудандық басшыларға уақытылы хабарланып отырды. Мал басының саны өткен жылға қарағанда артты. Ақөре ауылы бойынша қысқы малдардың шөбін әзірлеу жұмыстары бойынша 6 мың тонна шөп әзірленді. 2018 – 2019 жылға мал жаю жерлерін анықтау және оны бекіту бойынша құжаттар әзірленіп оның дұрыс заңдылығы бойынша Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылық бөліміне есебі берілді.

 

ҚР 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс» және «2019 жылға көктемгі сутасқынынан Бұқар жырау ауданының тұрғындарын, аумағын және шаруашылық субъектілерін қорғау бойынша және дала өрттерін сөндіру  іс-шаралар жоспары»

Ақөре селосы бойынша көктемгі сутасқынының алдын алу іс- шаралары бойынша барлық тұрғындарға су тасқыны кезінде қандай әрекет ету керек жөнінде жадынамалар таратылып, ауыл әкімдігімен іс-шаралар жоспарлары аудан әкімінің орынбасарымен бекітілді. Су өтетін ауыл ішіндегі арықтар мен тас жолдардың астындағы құдықтар тазаланды. Арнайы штаб құрылып, тәулігіне 2 рет аудандық диспечерге ауыл жағдайы туралы хабарланып отырды. Осы іс- шараларды ұйымдастыру үшін 1 погрузшик және беларус тракторы 10 адам қызмет атқарды. Көктемгі су тасқыны еш-бір кедергісіз жоғарғы дәрежеде өткізілді. Сонымен қатар аудандық әкімшіліктен 100 қап, 3 күрек берілген болатын осы аталған заттар жалғыз басты қарттардың үйіне су кірмеу үшін қызметтерді атқаруға жұмсалды. Бұқар жырау ауданы Ақөре ауыл әкімдігінде даланың өрттерін өшіру бойынша жоспары  бекітіліп, өрт сөндіруші еріктілері белгіленді олардың құрамында 40 адам, 6 техника бекітілді. Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша барлық шаруа қожалықтарының аумагындағы өртті сөндіру еріктілерін ұйымдастыру туралы бұйрықтарымен жоспарлары әзірленіп ауыл әкімдігімен бекітілді. 2019 жылға екі дала өрті тіркелді, өрт сөндіру жұмыстары уақытылы орындалуына байланысты жанған жердің жалпы  көлемі 18 га құрайды. 2019 жылдың қыркүйек айына 1га жер көлемі жанып ол уақытылы  өрт сөндіру еріктілерімен 1 дана К – 700, Т – 40, және 20 адам жұмылдырылды.

Ішкі саясат жұмыстарын жүзеге асыру:

Бұқар жырау ауданы Ақөре ауылы  әкімдігінің  жанында ақпараттық  насихаттау топтары құрылған есеп беру уакыты 18 дәріс, 13 семинар, 5дөңгелек стол өткізілді. 2019 жылдың наурыз айында Қарағанды қаласынан ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау фондынан мамандар келіп шаруа қожалықтарына мал басын көбейтуге , жеке шаруашылықты ашу, ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік қолдау негізінде заң бойынша жеңілдіктерді пайдалана отырып игеру керек екендігін түсіндірді.

Тамыз айында аудандық медициналық орталығынан мамандар келіп Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетіні жөнінде хабарлады. Барлық ел азаматтары еңбек пен жұмыс берушілер - Денсаулық сақтау саласында ортақ жауапкершілікте болатының қоса атап өтті.

         Сонымен қатар, барлық мерекелер оның ішінде  «8 наурыз», «22 наурыз» «1мамыр», «7 мамыр», «9 мамыр», мерекелері 1 маусым балаларды қорғау күні мерекелері тойланды. Оған ауыл әкімдігінің ұйымдастыруы мен шаруа қожалықтарының демеушілік көмек көрсету негізінде жүргізілді. 23 маусым мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудан орталығы Ботақара кентінде ұйымдастырылған, спорттық шарада қыздар арасында 100 метрге жүгіруден Ақөре ауылының әкімдігінің маманы Ескеева Раушангүл 1 орынды иеленсе, ауыл әкімі Магауиянов Асет Саятович ерлер арасында 100 метрге жүгіруден 3 орын, амреслингтен 3 орынды да иеленді. Кашенов Қайрат Естаевич ерлер арасында шахматтан 3 орынды алды. Сонымен қатар облыстық мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен спартакиядан жеңіл атлетикадан ауыл әкімі 3 орынды иеленді. 2019 жылдың қыркүйек айында «Баланы Мектепке Дайындаймыз» атты акциясы бойынша облыстық маслихаттың депутаты Апеисов Е.Е жағдайы төмен 14 отбасына көмек берді. 2019 жылдың 1 қазан айында қарттар күніне байланысты ауылдық клубта «Қарттарым Асыл Қазынам» атты мерекелік іс – шара өткізіліп, шаруа қожалықтарының демеушілік көрсетілуіне байланысты ауыл қарттарына еске қалатын сыйлықтары табысталды.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы

Ауылға кіреберіс 13 км жолымыз туралы тұрғындар арасында наразылқ тудырып, оны грейдерлеу түзету жұмыстары маусым айында жүргізілсе, жолды түзету және су өтетін құдықтарын жөндеу жұмыстары қыркүйек айында жүзеге асырылады.  Ауыл электр энергия, телефон желісімен толықтай қамтамасыз етілген.  Қираған ескі ғимараттармен үйлердің қатты қалдықтарын шығаруга қолма қол ақшаны тексеру шотынан  900 мың теңге қаражат бөлініп, камаз авто көлігімен ауыл ішінен 180 реис шығарылды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының иесі үй жай қоқыстарын шығаруга 10 дана контейнер игерді. Көктемгі тазалық жұмыстары жүргізіліп, онда өсіп тұрган ағаштарды ақталып, 14 га жер көлемі тазартылды.Қазіргі уақытта күзгі тазарту жұмыстары жүргізілуде.Оған ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтары, мекеме қызметкерлері ат салысуда.Осының негізінде көшелер тазаланып, ағаштар отырғызылды.

 Ақөре ауыл әкімі                                                       А. Магауиянов                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Победителей конкурса «Zamandas - инновация» наградили в Караганде 05 Декабря 17:19
В Карагандинской области становится больше молодых предпринимателей 05 Декабря 15:37
В Каркаралинском районе открылся филиал бойцовского клуба Abadan 05 Декабря 15:26
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»