Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|
Бұқар жырау ауылдық округінде барлығы 486 адамды құрайды, оның ішінде Бұқар жырау ауылында 198 адам, Семізбұғыда ауылында 97 адам, Шалқар ауылында 188 адам. Экономикалық белсенді тұрғындар саны 244 адам, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 183 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 33 адам, жұмыссыз 4 адам оның ішінде Аудандық жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген 1 адам. Аулалар саны 105 үй.
Бұқар жырау ауылдық округінің экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында - «Жаксыбай» шаруа қожалығымен «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 30 млн. теңге сомасына Ресей Федерациясынан «Симменталл» асыл тұқымды 50 бас аналық малын әкеліп, мал басын асылдандыруда, «Шаухат» шаруа қожалығымен 12 млн. теңге сомаға лизинг арқылы МТЗ 82 тракторы толық жабдығымен алынды. «Желдыбай» шаруа қожалығымен Павлодар облысынан 7 асыл тұқымды бұқалары әкелінді. «Шалкар» шаруа қожалығымен 13 млн.тенге несие алынып 7 млн. тенгеге жатка, пресподборщик алынды, сонымен қатар ірі қара мал алу және трактор техникасын алу жоспарлануда.
Округ аумағында шағын және орта бизнес: жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер - 4, агро өнеркәсіп кооперативі - 2, фермерлік қожалықтар – 2, шаруа қожалықтар – 20, жеке кәсіпкерлер - 6. Шаруа қожалықтардың ішінде жұмыс жасайтындар саны 23 бірлік. Оның ішінде егістік егумен айналысатын 5 шаруа қожалық, 18 шаруа қожалық ауыл шаруашылық малдарын өсірумен айналысады.
Ағымдағы жылы округ аумағынан екі жас кәсіпкер Кабкенова Д.О. (Әли-Әдем ЖК) жұмыспен қамту арқылы 505 мың теңге грант иегері атанып 2 ірі қара сиырын сатып алды, Увалиев А.М. «Жас кәсіпкер» арқылы аудан әкімінің 500 мың теңге грантына ие болып құс шаруашылығын дамытуды қолға алуды жоспарлауда.
Округ аумағы бойынша 2019 жылы 1860 га жерге егістік себілді. Оның ішінде арпа 1760 га, көп жылдық өсімдік 100 га.
Анықтама үшін: Округ аумағының жалпы жер көлемі 102952 га, оның ішінде елді-мекен жерлері 23447 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 55344 га, оның ішінде егістік 6576 га, жайылымдық жерлер 46319 га құрайды. |
Бүгінгі танда 46220 га ішінен 38310,54 га яғни 93,9% енгізілді. 100 % орындау бойынша жұмыстар тұрақты атқарылуда.
Округ бойынша 2019 жылдың 01 шілде айына мал басы:
Ірі қара 2076 бас оның ішінде сиыр 1099 бас, ұсақ мүйізді 2784 бас, жылқы 1232 бас, құстар 1765 бірлік.
Бұқар жырау ауылдық округінің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту
Білім беру
Округ бойынша екі мектеп (Бұқар жырау негізгі мектебі, Шалқар негізгі мектебі) жұмыс атқарып жатыр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша: өткен жылы екі мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Денсаулық сақтау
ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту бойынша» Округ аумағында медициналық пункт жұмыс атқарып онда тұрғындарға 4 адам алғашқы медициналық қызмет көрсетеді. Келісім – шарт бойынша Бұқар жырау ауылының тұрғынымен (жеке өзінің көлігі) науқастанған адамдарды аудан орталығына апару бойынша жұмыс жасайды.
Аудандық медициналық бірлестігінің жоспарына сәйкес тұрғындарды 2-рет (шілде, тамыз айында) флюографиялық тексерістен өткізілді.
Мәдениет
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» Округ бойынша зейнеткерлер саны 78 адамды құрайды, мүгедектер саны 12 адамды құрайды, оның ішінде І топтағы 4 адам, ІІ топтағы 2 адам, ІІІ топтағы 6 адам. Арнаулы әлеуметтік көмек алатындар 4 жанұя. Округ бойынша жаз айларында 5 адам қоғамдық жұмыс арқылы жұмыс істеді. Оның ішінде 1 адам қоғамдық құтқарушы.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша» «Бастау бизнес» арқылы 2 адам оқу курсынан өтті. Шалқар ауылының тұрғыны Муханов М.К. 4,0 млн тенге несие алып жылқы малын әкелді. «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 2 адам оқу курсынан өтті. Несиелендіруге құжаттарын рәсімдеуде.
Көліктік инфрақұрылым
Аудан орталығына дейін жолдың ұзындығы 87 км. құрайды. Ауылдық округ бойынша елді-мекендердің ішкі жолдары жалпы ұзындығы 9,4 км. құрайды. Бұқар жырау ауылынан Семізбұғы ауылына дейінгі 7 км. жолға облыстық бюджеттен 198 млн. тенге қаражат бөлініп күрделі жөндеу яғни асфальттау жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Дорстрой» ЖШС.
Сумен қамтамасыз ету
Су құбыры Бұқар жырау және Шалқар ауылдарында бар. Бүгінгі танда су үздіксіз берілуде. Бұқар жырау ауылынын су құбырын «Ботақара Су Қожалығы» КМК қызмет көрсетілуде. Шалқар ауылының су құбыры әкім аппараты балансында. Ағымдағы жылы Шалқар ауылының 7 үйіне су құбыры енгізілді.
Абаттандыру бойынша
2019 жылдын сәуір айынан тамыз айына дейінгі аралықта сенбіліктер жүргізілді. «Бірге таза Қазақстан» республикалық акциясы шеңберіңде тұрғындармен, демалушылармен көп жиналатын «Рудничное» көлі маңайы апта сайын демалыс күндері қоқыстар жиналып шығарылды. Күзгі сенбілікте ұйымдар манайы тазартылып, қоқыстарын шығармаған азаматтарға хаттама толтырып ескертулер берілді.
Ауылдық округ әкім аппараты
2019 жылы барлығы 13 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 12, заңды тұлғалардан 1 өтініш. Барлығы уақытында қаралып тиісті жауап берілді.
Алдағы уақытта округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту үшін жұмыстар қалыпты деңгейде жалғастырылатын болады.
Бұқар жырау ауылдық
округінің әкімі Е.Узденов
Комментарии (0):
Комменатриев нет.