100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс

Тоғызқұдық ауылдық округі бойынша 2019 ж 9- айда ауылда әлеуметтік –экономикалық даму бағдарламасының орындалу барысы және халықтың әл-ауқатын арттыру міндеттері бойынша ауыл әкімі Е.Карипбаевтың ақпараттық есебі

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж арналған»

Округ бойынша кәсіпкерлер жеке саны – 22,  оның ішінде 5 саудамен және 17 ауыл шаруашылық мал өсіруімен айналысады. Кәсіпкерлік объектілермен жұмыс аясында  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын арттыруға жол бермеу бойынша іс-шаралар өткізілді. Жеке кәсіпкерлермен азық-түлік бағасын негізсіз өсірмеу бойынша меморандумға қол қойылған.  Аудандық кәсіпкерлік бөліміне апта сайын азық-түлік бағасының мониторингі ұсынылып тұрады.

           Ауыл шаруашылық – Округ бойынша «Алға қадам» АШӨК жалға асыл тұқымды 5 бұқа алды. Тасшоқы ауыл тұрғындары жалпы табынға 5 бас асыл тұқымды бұқа алды. Шара қожалықтарының басшыларымен арнайы ауыл шаруашылық техникаларын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылық жерлерінің 1484,3 га мақсатты түрде пайдаланбайды, себебі кезінде жерді алған шаруа қожалық басшылары кейбіреулері қайтыс болған, кейбірі көшіп кеткен. Бүгінгі танда олардын қайтыс болғаны туралы анықтама Әділет басқармасынан алынып жер қатынастары бөліміне тапсырылды, 2019 жылы пайдаланбайтын шаруа қожалық басшыларының құжаттар облыстық аумақтық жер инспекциясына тапсырылып 420 га жер қайтарылды.

2019 жылы 3231 га бидай, 903га арпа,отырғызылды, 320га  бір жылдық шөп, салынды. Бүгінгі күнге 11мың тн  шөп шабылды, жоспардың 100 пайызы орындалды.

Сыбаға бағдарламасы бойынша қазан айында «Тасщик» шаруа қожалығының басшысы М.Дахаев ауыл шаруашылығын дамыту мал өсіру үшін 100 млн.теңге несие алуды жоспарлап отыр.

            Әлеуметтік блок

            Білім

«2016-2019 жж арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру шеңберінде. Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушылар саны - 213, барлығы 56 мұғалім қызмет етеді.  2019 жылы 15 бала мектеп бітірді оның ішінде 2 бала «Алтын белгі» алды. Аудан бойынша БҰТ 88,6% құрады. Оқу жылының соңында 70 пайыз мұғалімдер жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстардан өтті. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебінде  орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Биылғы жылы мектепті жөндеуге республикалық бюджеттен 28 млн.тенге қаражат бөлінді. «Наладочный центр Темиртау» ЖШС мектептің шатырын ауыстырып, сыртқы  8 есігін темір есікке ауыстырды және барлық 130 терезелері пластик терезеге ауыстырылды. 2018 жылы Кузнецкий ЖББОМ бастауыш ғимаратында  екі санитарлық бөлме  орнатылды.

    Тасшоқы негізгі мектебі ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. От жағатын қазандықты сыртқа шығаруға қаражат бөлінген жоқ.  2019 жылы «Разрез Кузнецкий» ЖШС көмегімен екі санитарлық бөлме орнатылады.

 Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу - тәрбиемен жалпы 75 бала қамтылған. Шағын орталықтар тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті   құрал - жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіледі.  Аудандық  жарыстарға және форумдарға ауыл жастары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болуда.

Әлеуметтік көмек.

Округ бойынша  23  көп балалы отбасы АӘК –ке құжаттарын тапсырды.

Округте мүгедектер саны – 62, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еңсерген тыл еңбеккерлері – 5, жауынгер-интернационалист – 1 адам. Желтоқсан оқиғасына қатысушы – 1адам.

Спорт

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын  және Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын іске асыру шеңберінде.

Кузнецкий ЖББОМ-де спорт зал бар. Мектептің стадионында  жасанды шөп жабыны бар балалар ойын алаңы бар. Аудандық спорттық іс шараларға округтің жастары футболдан, үстел теннисінен, шахмат, дойбы жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Кузнецкий ЖББОМ-де спорт зал бар, спорттық іс-шаралар жиі өткізіледі.

         Электрмен жабдықтау

2015-2019 жылдарға араналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында округ бойынша бүгінгі күнге коммуналдық  қызметтер төлемі 100 пайызды құрайды. Ауыл тұрғындары коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп тұрады. Округте 71 жарық көзі бар. «Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің  аппараты» ММ-нің  коммуналдық  меншігінде 2  КТП.  Құжаттары бар. КТП -25 1- ВА - УЧЕТНЫЙ КВАРТАЛ 0,24, УЧАСТОК  705, КАДАСТРОВЫЙ НОМЕР 09-140-024-704, КТП -25 1-ВА- УЧЕТНЫЙ КВАРТАЛ 0,24, УЧАСТОК  705, КАДАСТРОВЫЙ НОМЕР 09-140-024-705

         Көлік инфрақұрылымы.

2015-2019 жылдарға арналған қызмет көрсету саласын дамытудың үкіметтік бағдарламалары шеңберінде. Округ аумағынан Қарағанды - Ботақара облыстық автожолы өтеді. Доскей ауылынан Тоғызқұдық ауылына дейінгі автожол күрделі жөндеуден өткізілді. Тоғызқұдық –Тасшоқы автожолы қиыршық таспен тегістелген. Ауыл ішіндегі жолдар, екі көшеге  3,5 км қиыршық тас төгіліп тегістелді.

        Тұрғын үй құрылысы.

2017-2021 жылдарға «Нұрлы жер» үкіметтік бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде.

Округте тұрғын үй- 289 , тұрғын үйдің жалпы көлемі 17058 кв.м, көп қабатты үй жоқ. Екі пәтерлі екі үй иесіз, коммуналдық меншікке беруге құжаттары жинастырылуда. Округ бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған  көп балалы отбасы Сайлау Гүлнарға ауылдан жеке тұрғын үй берілді.

       Жылумен жабдықтау.

2020 жылға дейін өңірлерді дамытудың үкіметтік бағдарламасы мен мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында.

2018-2019жж от жағу мерзімі жақсы аяқталды, енді 2019-2020ж от жағу мерзіміне дайындық жүргізілуде. Кузнецкий ЖББОМ 320 тн «Сат көмірден»  Тасшоқы НМ 60 тн Қушоқы көмірі түсірілді. Мәдениет үйіне 160 тн Қушоқы көмірі түсірілді. Мектептерге жылу берілді.

       Абаттандыру.

«Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту»үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында.  Қыркүйек айынан бастап екі айлық сенбілік жарияланған. Әкімшілік мамандары ауыл тұрғындарына тазалық жасау жөнінде ескертпе қағаздарын таратты.

 Учаскелік полиция инспекторы мен ауылдың санитарлық жағдайын қадағалайтын  қоғамдық жұмыскер Н.Амангелдімен үйлерді аралап тазалықтарды тексеріп шықты. Бүгінгі күні ауылдан шамамен 2,5 мың тн қоқыс шығарылды. Ауыл тұрғындары өз аулаларын тазалауды  әлі де жалғастыруда. 12 қазан күні республикалық экологиялық сағат өткізілді. Мектеп маңына және саябаққа 20 жас тал отырғызылды. 

ҚТҚ ашу жөнінде жеке және заңды тұлғалармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілген. ҚТҚ-ны  тіркеу үшін құжаттары сотқа жіберілген.

Мерекелерге дайындық кезінде баннерлер дайындалып ілінеді.

 

       Мемлекеттік және коммерциялық қызметтер көрсету орталықтарын құру және дамыту.     

  «2015-2019 қызмет көрсету саласын дамыту» үкіметтік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында.

Округте пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антена орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет - журналдар сонымен қоса  халықтың еңбекақысы, зейнетақысы уақытында таратылып беріліп тұрады. 

 

«Ақпараттық Қазақстан 2020» бағдарламасы шеңберінде.

Әкім аппаратының ғимаратында «EGOV»  баннері орнатылған, халыққа өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бар, компьютер, принтер қойылған интернетке қосылған бірақ жылдамдығы өте аз, сонымен қатар көрнекі ақпарат құралдар қойылған. Мектеп  пен ветеринарлық пунктте интернет қосылған. Биыл 11 сыныпты 12 бала оның ішінде 2 бала «Алтын белгіге», 9 сыныпты 22 бала бітірді. Оқушылардың сабақ үлгерімдері жақсы аудан бойынша БҰТ 88,6% құрады.

     Оқушылар арсында әр түрлі спорттық сайыстар өткізіліп тұрады. Аудандық сайыстарға да қатысып жүлделі орындар алып жүр.

 

 Денсаулық сақтау

«2016-2019жж Денсаулық» денсаулық сақтау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында.

Мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар, жалпы 5  маман халыққа қызмет көрсетеді. Тасшоқы ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. «Денсаулық 2016-2019 жж» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әлеуметтік маңызды аурулардан халықтың ауру – сырқау және өлім - жітімін азайту мақсатында, мақсатты топтарға жататын адамдарды  тегін медициналық скринингтік тексеруден өткізуде. 2019 жылы 23 бала дүниеге келді, 4 адам қайтыс болды. Қант ауруы, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары ауруларымен  ауыратын есепте тұрған ауруларға тегін дәрі-дәрмек беріледі. Ауыл тұрғындары флюорография тексерістен толық өткізілді.

Ағымдағы жылы 2 зейнеткер Қарағанды қаласындағы ардагерлер үйіне барып денсаулықтарын оңалтып қайтты. 

 

Мәдениет.

«Мәдениет туралы» № 207 15.12.2006 жылғы Қазақастан Республикасының Заңына сәйкес.

      Мәдени - ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі,  1 модельді  кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шараны   халықтың басын біріктіруге, елге деген сүйіспеншілікті бекіту үшін, Елбасының саясатын  тарату мақсатында терең мағынамен ұйымдастырып, өткізу жоспарланады. Тоғызқұдық ауылында мәдени ошақ болғанымен білім мекемелері, ардагерлер кеңесі, жастар қауымы мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырып, ақылдаса отырып өткізген  әр шара өз мақсатына жетіп отырады.  Мерекелік күндері ғимараттардың алдарында мерекелік  ұрандар мен түрлі - түсті тулар ілінеді. Өткізілген  мәдени, саяси іс-шаралар аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газеті мен аудан әкімінің сайтында  жарияланып тұрады. Бұл өзімізді дәріптеу немесе мадақтау үшін керек емес. Бұл ауыл азаматтарының бойында өзімізге деген сенімділік орнату үшін, ауылдың дамуына барша тұрғындар үлес қосу керектігі туралы ой салу үшін жасалуда.  Жыл сайын 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні  аталып өтіледі, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне “Разрез Кузнецкий”  тау кен компаниясы  өз аттарынан  бағалы сыйлықтар таратып тұрады. Шаруа қожалықтарының басшыларының демеушілігімен үлкен мерекелік дастархан  жайылды. Қарттар күні де аталып өтті.  Шаруа қожалықтарының басшылары   көмек көрсетіп қарттарға мерекелік дастархан жайылды. Жүрмейтін қарттарға сыйлық берілді.Сонымен қатар жыл сайын “Разрез Кузнецкий”  ЖШС жауынгер интернационалистке, желтоқсан оқиғасына қатысушыға және жатқан 1 топтағы мүгедектерге 5 тн тегін көмір беріп тұрады. Моделдік кітапханада кітап қоры  14450 құрайды. Президентінің жыл сайынғы халыққа жолданатын жолдауын оқырмандар арасында талқылап тұрады. Сонымен қатар ИИДМБ мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіреді, АӨК дамыту,  тілді дамыту және өлкетану насихаттау жұмыстарын жүргізеді.  

Мәдениет үйінің қызметкерлері  діни экстремизм  мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама мен тілдерді дамыту бағдарламасын өз жұмыстарына енгізіп жұмыс жасайды.

 

        Әлеуметтік қорғау.

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың» үкіметтік бағдарламаларын және «Бизнестің жол картасы 2020» жүзеге асыру шеңберінде.

        Мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар арқарылуда. Округте экономикалық белсенді халық саны - 594, тұрақты жұмыспен қамтылғаны – 496.  Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 2 адам оқуға жіберілді. Екінші бағыт бойынша «Бастау Бизнес»-те 18 адам оқып, 10 млн.теңге несие алып ауыл шаруашылық малын сатып алуда. 9 адам несие алуға құжаттарын дайындап жүр. Сонымен қатар өз жеке ісін ашу үшін 1 жоба аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсынылып, 1 адам несие алды. Үшінші бағыт бойынша 1 адам Кузнецкий жалпы білім беру мектебінде, бір адам әкімшілікте жастар тәжірибиесінен өтуде. Жыл басынан бері  66 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етіліп, 1 адам қоғамдық жұмыскер болып жұмыс істейді.

 9 ай ішінде жеке тұлғалардан 29 өтініш түсті, барлығы уақытылы қаралып жауап берілді.

2019 жылға араналған қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарды іске асыру бойынша бірлескен  жоспары әзірленген.

     «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» бағдарламасы бойынша. Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын алдын бойынша ауыл тұрғындары  арасында ауыл имамының қатысуымен 7 кездесу өткізілді. ҚР Президентінің халыққа Жолдауын түсіндіру бойынша 7  кездесу өткізілді.

 

 

Тоғызқұдық ауылдық округінің әкімі:                                                                                                                              Е. Карипбаев

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

Глава государства провел ряд встреч 31 Октября 18:41
В Жанааркинском районе 15 многодетных семей отметили новоселье 31 Октября 16:55
В Темиртау заключили меморандум о снижении вредных выбросов 31 Октября 16:53
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»